Біз...

Өзгелер шындықты жасырсын,
Ерiктi жырыма сенбесе!
Сен-арлы, ибалы асылсың,
Мен-пақыр пендемiн ендеше.

Тынышын алдың да сананың,
Көңiлдi әр алуан ой кездi…
Мөп-мөлдiр, тұңғиық жанарың,
Мен болсам жiгiтпiн қой көздi.

Жаныма назың жыр өрiптi,
Сен жайлы, басы-арман, соңы-мұң,
Жарығым, сұлусың көрiктi,
Мен болсам жәй қара торымын.

Жабықсам бола алмас жыр емiм,
Жазылман сендiк сыр, назасыз…
Тәкаппар әрi пәк жүрегiң,
Менiкi ұшқалақ, мазасыз.

Iзгiлiк тұндырып көзiңде,
Есiмдi аласың қашанғы?!
Алғаусыз адалсың сезiмге,
Мендiк ше? Жырымдай жасанды.

Жылылық сезiлiп жүзiңнен,
Қылығың баурайды жанға ұнап.
Сөздерiң оқалап тiзiлген,
Менiкi-далбаса, сандырақ.

Өрекпiп көңiлiм, бүлiнiп,
Өзiмнен кеткендей ерiк шын,
Алшақтық тұрса да бiлiнiп,
Жырыма сонша мән берiпсiң.

Мендегi өмiрдiң құты едiң,
Өкiнiш өзiңнен айрылу…
Қаласаң жауабын күтемiн,
Адрес-........@mail.ru

7 пікір

yesbolat83
Жақсы жазылған. Бір ұнаңқырамай қалған жері қызды тым асқақтатып жіберіп, өзіңді сәл төмендетіңкірегендей ме қалай. Бұл менің пікірім ғана.
Talap
Сезімге ептеп қосып ой,
Бекісе сыр боп бойға кеп,
Достар-ау шындық осы ғой,
Жағыну әсте ойда жоқ…
Пікіріңізге рахмет!
Kan
Өзгелер шындықты жасырсын,
Ерiктi жырыма сенбесе!" дегенің кім шындықты жасырыпты әрі қандай шындық сенің қызғадеген сезіміңді ма?
AKA
Браво, міне өлең!
zhomart
Талабыңа нұр жаусын, Нұреке! Жазарың көп болсын, жиі келіп тұр.
Talap
Рахмет, Жаке! Алла қаласа…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.