Тарау тарау жол

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Тарау тарау сызылған,
Жолдар жатыр алдымда.
Бұлар бізге тосылған,
Ал аяғым қадымда

Алтын бесік ауылым
Алыстап сен қалдың ба?
Тізгінім өз еркімде,
Білмеймін, теріс салдым ба?

Арманым маған жеткізбей,
Кетеді кейде алыстап.
Таңындай мына дәуірдің,
Бара ма екен ғарыштап…

Жалғасы бар еді…

11 пікір

m170785
бұл менің әкемнің бұрындары жазған жыры, ұзақ жазылған. Әкемнің кітапшасының жарты бетін таба алмай, ескірген, жыртылып қалған екен. Әйтпесе толығымен жазар едім. Шамасы 1979ж не 1981ж жазылған
yesbolat83
Әкеңіз керемет жазған. Туған ауылына деген сағыныш болуы керек. Әттең, жарты бетінің табылмай қалғанын.
m170785
әттең тонның келтесі ай ((. Тағы да толық жырларын жақында жазармын және өзімдікін қосып )
yesbolat83
Бұйырса, міндетті түрде оқитын боламын.
Jako
Мәке,өзімде кейде осылай жазатыным бар.Адамның жасы келіңкірегенде арт жағына көз салғанда кейде осындай өлеңдер туады.Өкініш па, сағыныш па әйтеуір бір тәтті сезім.Өлең ұнады, толық жазбағаның өкінішті.
m170785
Жәке ағасы жазар едім, жарты бетін әлек болып таба алмадым, не ескірген кітап, не жыртылған болуы керек сол жылдары, ол кітаптың қанша болды жатқаны, басқа да толықтай жырларын жазармын
Jako
Жаз, жаз Мәке, әкейдің көзі бар ма?
m170785
Әрине, бар әрине ), әкем асқар тауым шауып жүр, дін аман ))
Jako
Мұны сұраған себебім әкем бар кезде сұрап жазып алатын нәрселер көп болса да.оған толығынан мүмкіндіктерім (диктофон, магнитофон, т.с.с.)болса да жазып алмаппын. Қазір қатты өкінемін. Мүмкіндігің болғанша ол кісілердің даналығын жазып ала бер, ертең мен құсап өкінбе дегім келгені ғой.Дұрыс түсінерсің деп ойлаймын.
m170785
түсінем Ағасы, түсінемін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.