Сап-сары...

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Сағыныш-ай, сағыныш саған деген,
Жасырмастан жайымды жаман дер ем,
Жанарға мұң, жаныма жамалды өлең…
Сонша бекiп қалған бұл сезiмiмдi,
Моншақ етiп тiзем де саған берем…

Дегбiрi жоқ дертiмнiң демеушi, емi,
Ағаттық қой бақытым демеу сенi,
Теңеуiмнiң татымас тек өлшемi…
Қақсады деп жазғырма, сағынышты
Сап-сары деп ақындар теңеушi едi…
Шаттық атты ауылдан шалғайдамын,
Санамда солғын үмiт салмайды әнiн,
Ой алқымдап, жармасып шалғайға мұң…
Сарғайдым деп қоятын сағыныштан,
Неге екен, мен әлi сарғаймадым…

Бiрақ, менiң бейнемдi Күз ұрлаған,
Сарғаю, суыну да тiзiлдi оған…
Жаным жара, тек өңiм бұзылмаған,
Таңырқаған болар-ау Күз шамасы,
Жабыркаған бұрады жүзiн маған…

Сағыныш сызат етiп салса бiр iз,
Қайтесiз, Күз-қария шаршадыңыз…
Түсiнбедiм ненi iздеп, аңсады Күз?!
Толастамас мендегi сол сағыныш,
Ал, «сары қыз»???

2 пікір

Jako
Талап, өлеңдеріңіз тамаша, оқығанда бір жасап қаламын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.