Сагыныш дерти

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
2 фото
Сағындым сені, сағындым жаным, аяулым
Омірім сенсіз, шыжыққа толы,қаяу-муң
Козімде менің омірге деген ушқын жоқ
Қанатым сынды,ұшалмай енди жаяумын

Барымда сен-ең, омірлік мәнім, жарқыным,
Озіңмен бірге бақытты едім, шалқыдым
Шаршадым жалғыз, тынысым мүлдем тарылып
Баяулап қалды өмірге деген каркыным

Теңедім сені, баладым сені гүлдерге
Рахмет саған, бірге кешкен күндерге
Сенің әсем,қайталанбас пәк бейнең
Жараланған жүрегіммен жүр бірге

Не істеп жүрсің,қай жақтасың,қымбаттым
Сені ойлаумен таңдар атты, күн батты
Төзіп келем мына ылаң тағдырға
Болсадағы тепкілері тым қатты

Сенде мені ойлайсынба қылықтым
Қайта маган оралмайсың соны ұктым
Сенімен бірге жалгыз кілтін жоғалттым
Кім ашар енді, жүректегі кұлыпты

Ұмытпа мені, жадыңда сақта сұлуым
Татып көр бір кез,ішінде жаткан сыр уын
Сеніде бір кез сағыныш дерті мазалар
Өткенді еске-ап, жүректің аңсап жылуын

Сағындым сені, сағынып өтем қашанда
Оралмай маған озгенің жары болсанда
Есімдесің, жадымдасың мәңгілік
Кездесип қалып, танымай мені тұрсаңда

Мути Азамат Аманжолулы

2 сурет

10 пікір

senim
Зынданға
Jako
Сенім, сен өнер адамысың ғой, бізге қарағанда Мутидің сезімін сен жақсы түсінуге тиіс сияқтысың.
qyrmyzy
Қазақ әріптері жоқ па сізде?
Muti89
сол жок болып турго
Jako
Қазақ шрифтері жоқ болса амал не, сонда да ұқыпты, сауатты жазылған.
Kan
Мейрамбек Беспайыптың орындауындағы, Ринат Заетовтың сөзіне жазылған Лұқпан Жолдасыптың әні есіме түсіп оты. Сөл өлеңге еліктеп шығарғаныңды аңғардым. Бас жағы қатты ұқсайды екен. Еліктеу,ұқсату адам жаратылысына тән қылық.
Muti89
Сын айткандарынызга рахмет, сын жаксы болсада жаман болсада ол сын. Кандай сын болсада мен дайынмын достар! Мен ешкимге еликтемеймин, шабыт келген уакытта тунги 3те турсамда ойыма келгенди жазамын.Кан бауырым сен айтып отырган оленди бурын сонды естимеппин шынымды айтсам…
torgynzhortabai
Керемет! Оленнин кейипкери бакытты шыгар… Эххххххххххххххххххххххххххххххххх…
Ak123
Жақсы өлең! Қазақ қаріптері жоқ екен деп, бас салып минустаған несі әй?
Muti89
Рахмет достар багалагандарынызга!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.