Сәлемімнің сиқын...

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Бүгiнгiнi өткен шақ үлесi қып,
Тағы бiр күн таусылды түгесiлiп,
Сыр айтуда сыбырлап өзiң жайлы,
Ұйқыны ұрлап,ұрыншақ, түн-есiрiк…

Көкжиекке күн нұрын құлатқан көк,
Мұңаятын секiлдi…
Жырақтан көп,
Жымыңдайды жұлдыздар көзiн қысып,
Көктi, менi осылай жұбатқан боп…

Шолғандай назарымен жәй даланы,
Баяу қалқып барады ай да, әнi,
Сеземiн, себезгi-нұр сәулесiмен,
Сенiң де терезеңдi аймалады.

Әйнектен әзер енген сол бiр жарық,
Үмiтiмдей бәсеңдеп, солғынданып,
Жетсең де әрең сол жанның жүрегiне,
Сағыныш-сәлемiмдi қондыр барып.

Құрасам ба жұлдыздан гүл дестесiн?!
Арманым ақиқатпен үндеспесiн,
Үңiлер күнде осылай үмiт-сәуле,
Үркiтпешi, жарығым, мүлде өшпесiн…

Сағыныш кеудеме кеп түнесiн де,
Ұйқысыз түн қалады үлесiмде…
Ессiздiкпен сыр айтып есер түнге,
Күбiрлеуден жалықтым бiлесiң бе?!

Рас, сөзiм шындықтан тым ұшқары,
Мен секiлдi түн де ауыр тыныстады,
Әдетiнше аппақ ай жүзi сынық,
Алып аспан төрiнен жылыстады.

Қараңғылық… Ойларға қамалған шақ,
Жанға демеу боларлық жанарды аңсап,
Жүрегiм мәнсіз жырға тағы алданса,
Амал қанша? Амал қанша…

6 пікір

maulen
Керемет, шабытсыз жазылғанға ұқсамайды ғой? Үміт — сәулесі өшпесін дейік!
didi0393
Talap myna olenderdin avtory sizba???????????????????????????????
Talap
Соншалық сұрау белгі… Иә, мен
zhomart
Нағыз өлең! Нұр Талап тек сәттілік, өлеңдеріңе сөз жоқ тәнтімін
qyrmyzy
Жаныңа жақын адамыңның «Сәлемі» мен «жағдайыңды сұрауы»
Kan
Сезім бітпей ақынныңда өлеңі таусылмас. Керемет жазба ұнады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.