Өзіңсіз

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Өзгедей бiздер де сүйген ек,
Ал, қазiр хал басқа, күй бөлек,
Өзiңсiз жалғасын тауып тұр
Күндерiм «күйгелек»…

Деушi едiң бағым-сiз, мұңым-сiз,
Тағатты тауыстың тым үнсiз,
Өзiңсiз қиянға тартады
Түндерiм «тынымсыз»…

Көрмесем шыдаушы ем бұрын шақ,
Тыйсаң да шаттықтың нұрын сап,
Соғады ырғақтан жаңылмай
Жүрегiм «ұрыншақ»…

Жөнiне уақыт ығысты,
Жанымды емдеуге тырысты,
Өзiңсiз сауыққа тойып жүр
Жанарым «жымысқы»…

Қайтесiн, елеме, төкпе сыр,
Келтiрдiм өзiңе көп кесiр,
Өзiңсiз өрнегiн жоғалтпас
Өлеңiм «өкпешiл»…

Күндердiң соңынан күн ауып,
Мұңға да берiлем бiр ауық,
Сенсiз-ақ сен үшiн тiзiлдi
Жырларым «жылауық»…

Тұспалдап танытсақ бiз өкпе,
Жырды да, менi де түзетпе,
Шыдамы шытынап шығатын
Мiнез ғой «дыз етпе»…

Өзіңсіз жыры да құтсыз,
Жанарсыз, сендегi-жақұтсыз,
Шабыты шайқалып кететін
Бұл ақын «бақытсыз»…

5 пікір

qyrmyzy
Неге осы қиналамыз да жұреміз???
Talap
Бұрын қиналып жүргенбіз, қазір…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.