Үйлену мәселесі

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Әбен биыл қайтседе үйленуі керек.Апасы айтқандай үйге бір шүйкебасты кіргізуі тиіс.
Енді жаста емес.Тепсе темір үзетін жігіт ағасы бүгінде жиырма бесте.Тек қана қиялындағы сұлу бойжеткенді еш таба алар емес түге.Достары оқтын-оқтын болсада,-бүйтіп қыз таңдай бермей ертерек үйленбейсіңбе?,-деп қояды обалы не керек.
Неге түсінбейді екен олар, бұл кездескен қыздың бәрі ұнамаса қайтеді енді? Бекерге кінә арта бермеңдер де енді.
Танысқандарының біреуі тым-көп сөйлегіш, кездескен сайын шектен тыс ақыл айтып әңгіме шұрқын бұзатын ылғи.Ал біреуі-керісінше қу, нағыз айлакер болып шықты, біраз алданды да.Кейін бойжеткеннің түпкі ойын ұғып, сыйластықты доғарды.Ал кейінгісі жақсы-ақ ару еді.Неге екенін қайдам, кездескен сайын өзге тілде сөйлей бере Әбеннің ұнжырғасын түсіретін еді амалсыз.-Ауыл арасына не керегі бар сондайдың? Орыс тілі пәнінің мұғалімі болса екен, бір сәрі,- деп қоятын Әбен қапаланып.Апасынағой болсада ұнамайтынын біледі ондайлардың.(Тәйірі Әбеннің қиялындағы «нағыз қазақ қызы» мінсіз болу керек, дейтін ой-ау) Және ол аруданда ештеңе шығара алмады.Мұны түсіну соншалықты қиын емес-ті, саналы адамға.
Айта берсең көп енді.
Баласының ер жетіп,үйленуін қазақ қашанда қуаныш көреді емеспе.Адам болғанның белгісі осы деп біледі.Сол мінез, сол түсінік Әбеннің апасы Ләтипа апайда да бар.Және баласына қазіргі таңда үйлен деп құлағын қажап, маза таптырмайтыны да содан.Қайтсін енді бұл күнде апайдың жасы алпыстан әлдеғашан асқан.Бұрынғыдай күш-қуаты жоқ бойында.Осылай қартайған шағында зыр жүгіре беру керекпе? Қазан-ошақ басында.
Рас, Ләтипа апайдың екі келіні бар.Бірақ олардан не пайда? Екеуі де қалада тұратын болса.Ендігі ойы осы кенже баласын ертерек үйлі-баранды қылып, адам қатарына қосу.Ал ол баласы бүгінге жоспарлап қойған қызбен жолығысып, танысу мәселесіне немқұрайлы қарап отыр.Және ол қылығына Ләтипа апай күйіп, пісіп:
-Нағыз ибалы, сондай қарапайым, жақсы-ақ келін болатын қыз,-деп қояды.
Бұл сөздерді әрине бал ашып айта қойған жоқ-тын.Өзінің осы ауылдағы құрбысы, яғны жиен қарындасы Бәтима апайдың мақтау сөздері тұғын бәрі де.Ал жаңағы кездесетін бойжеткен,қаладан қыдырып келген Бәтима апайдың қайын інісінің қызы екен де.
Және баласының тағы да, тып тыныш, сабырлы бола қалғанына ашуланып:
-Қаладан бекерден-бекер келмеген.Реті келсе осы ауылдағы сендей жігіттердің біреуі табылама деп келген, білсең.Сөз ұқпайтын қандай немесің өзің?
-Апа-ау сізде қайдағыны айта береді екенсіз де.Тектен-тек айта салуым керекпе сонда үйлену жайлы.Ойға салшы.Алдымен сөйлесіп жөн сұрасайық, елін руын білдік.Сөзіміз жарасса, менде қарап қалмаспын.Ал басқадай жағдай болса,қыз көп, еш уайымдама апатай.Шал емеспін айтпақшы.Между прошем мне двадсыт пият лет,-деп еркелей қиылмасы барма.
-Не дейд көтек.Бос қырта бермей, адам болатын әрекет жаса қумаңлай.
Болды осымен әңгіме тынды.Әбен тағы қыңырланатын болса андағы тұрған қамшы, арқасын осып жіберерін жақсы біледі.Және тез шырттай киініп,үйінен шығыпта үлгерді.
Кесдесу орны -кітапхана кеңсесінің артындағы әсем бақ іші.
Әбен ерте келді білем.Күтсе күтетта, шақырған өзі.Кенет қиялға шомды.
Шіркін ай! Аққу мойын,қыпша белді.Үстінде ақ көйлегі жарасымды-ақ, етегі жерге тиер тимес.Ою өрнегі әсем камзол кие қалған, алтын жалатқан сәукелесі болсада бар.Қос бұрымы белден асар, мың бұралған биін билеп, немесе гәкку әнін сала кететін «нағыз қазақ қызы» бола алар ма екен, деп ойлап қояды күткен қызды.Осығой оның ежелден бергі арманы, осығой.Тым болмаса ұқсаса да мейлі.Тек қазақ қызына деген тән ерекшелік болса болды бойында.Бар жоғы сол.
Міне күткен қызы да келіп қалды.Жақындап келеді.Және неге екенін белгісіз өзі күткендей болмайтын секілді.Бойы ұзын сияқтыма?.. Жо-жоқ, сірә аяғындағысы биік өкше болар.Масқара! Бұтына киген мына бір сұрықсыз, келте юбкасы несі? Ал андағы қан сорғандай қып-қызыл етіп боялған бет аузына жол болсын.Бұл сәтті апасы көрмей қалғаны қандай жақсы болған, ә? Әйтпесе…
-Это ты?.. Тот паренек который мне позвонил вчера,-дейді әлгі бойжеткен келген бойда.
Ал жауап беру орнына Әбен әлгінің көзіне тура қарап, бірнәрсе айтқысы келгендей болып тұра қалды.

20 пікір

Kan
Аяқталмаған ба? Сірә жігіт сонымен қыз табалмай қалды гой...........қызық екен
Jako
Аққу мойын,қыпша белді.Үстінде ақ көйлегі жарасымды-ақ, етегі жерге тиер тимес.Ою өрнегі әсем камзол кие қалған, алтын жалатқан сәукелесі болсада бар.Қос бұрымы белден асар, мың бұралған биін билеп, немесе гәкку әнін сала кететін «нағыз қазақ қызы» 

Талғамы мен қояр талабы шыли жоғары екен, жақын арада қатын ала қоймас,әрі қазақта«таңдаған тазға жолығады»-деген де бар емес пе?
didi0393
JAKO agamen kelisemin. Ideal'nyh nebyvaet!
m170785
еее, үйлену мәселесі де қиын ғой, қиын ((
yesbolat83
Әбеннің ұялы телефонын берші маған, өзім-ақ, қиялындағы қызын тауып берейін)) Көршінің қызы бар еді етегі жерге тиетін ақ көйлегі мен камзол, бешпеттерін тастамайтын үстінен.
Жақсы жазылған. Маған ұнады. Бірақ, әңгіменің соңында жігіт қашып кеткенде өте қызықты болар еді.
m170785
Есеке ол көршінің қызын өзіңіз ақ алмайсыз ба? Әлде тұсауланып қойдыңыз ба пихать еткенге қарағанда )))))
yesbolat83
Тұсаулымын ғой, тұсаулы.
Жалпы, менікі қалжың еді.
m170785
деп қояды дейді ))). Жалпы Есеке менікі де қалжың ғой
yesbolat83
Әрине, түсінгенмін.
AKA
Тұсаулымын ғой, тұсаулы
Түүүһ тегі, қиналып айтқандай көрінді ғой
AKA
Мына бір грамматикалық соғысты қажет ететін туындыны енді ғана көріппін. Былай жаман емес, әрі қарай өрбітіп жіберсе де болады екен.
mairosh
тақырып жазбаға сай емес сияқты)
yesbolat83
Неге әдемі-ақ жазылған, әңгіме іспеттес.
Соңғы өңделген уақыты:
mairosh
Әдемі әңгіме екеніне дауым жоқ. тақырыпты "Үйлену мәселеі" болғандықтан үйлену жайлы оның қиыншылықтары жайлы жазса, ал мында бір адамның қыздарға деген көз қарасы немесе танысу жайлы ма ошм тақырып аяқталмай қалғандай. Су ішіп шөл қанбағандай сезініп отырмын))
yesbolat83
Тақырыбы (әңгіменің аты) жақсы таңдалған, менің ойымша. Себебі, Әбеннің үйленуге кедергі болған өз қиялындағы қызды жолықтырмауында ғо бар мәселе. Ал, әңгіменің аяқталмағаны туралы сенімен келісемін.
Yasin
Әбен менімен хабарлас бойдақ кезімде біраз қыздардың е-mail әдірсін қойын дәптеріме тізіп қойғанмын, кондидатурасын ұсынамын біраз қыздардың
ilya
хехе, болды бауырым хабарласармын
yesbolat83
Хабарласатын болсаң қайда жүрсің, мен саған көршімнің қызы бар еді деп Ясиннен де бұрын айтқанмын.
ilya
көркішінің қызы керемет екенін сезіп отырмын.жақсы болар еді… )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.