↑ Жоғары шығу
05 желтоқсан 2012

Ол ма, Ол...

Жолығып жанды қылды әлек,
Ол жайлы айтар сыр да көп…
Қонған ай кеште қырға кеп,
Тағылар оған сырға боп…

Төрiне жұлдыз тiзiп көк,
Сәулесiн әлсiз үзiп тек…
Сол жұлдыз баяу жүзiп кеп,
Саусағын сүйер жүзiк боп…

Ығысып түнек, түн кемiп,
Таңға жол берсе, күнге ерiк…
Шапағы сансыз түрленiп,
Алқасы болар күн келiп…

Таңымды бөлеп шұғаға,
Түндерде енген дұғама,
Кiнала мейлi, сына да,
Ол кiм деп досым сұрама…

Теңеуге таппай еш ұғым,
Не тылсым, ұқпай не сырын…
Етiңдер достар кешiрiм,
Айтпаймын әзiр есiмiн!

Не болды? Несiн күлесiң?
Ол-Хақтың сыйы, үлесiм,
Бұл сырдың бүге-шiгесiн
Тойыма келсең бiлесiң…
?

Пікірлер:4

avatar
  • AyKoN
  • 05 желтоқсан 2012, 02:01
  • 0
таныс өлең…
Тәнті боп жұлдыз нұрыңа
Арбалып тұр ма Ай қарап.
Жаттап ап сірә, мұныда,
Айтарсың маған қайталап
Нұрталап
avatar
  • Talap
  • 05 желтоқсан 2012, 11:01
  • 0
Өткен қайталанбас, өлең де…
avatar
  • Kan
  • 05 желтоқсан 2012, 11:20
  • 0
Не болды? Несiн күлесiң? кім күлген
avatar
  • Jako
  • 05 желтоқсан 2012, 14:03
  • 0
<code>Не болды? Несiн күлесiң?
Ол-Хақтың сыйы, үлесiм,
Бұл сырдың бүге-шiгесiн
Тойыма келсең бiлесiң… </code>

Тойыңа барсақ білерміз,
Жұмбақ қызды сонда көрерміз.
Сәті оның түспесе,
Комментпен тілек тілерміз.
Пікір 2021-12-05 14:04:18 күні Jako тарапынан түзетілді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.