Қуан-әлі Алмасбекұлының өлеңі

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жұматай жырдың Ләйләсі ме едің?
Меңіреу етер ұйқы ұрлап.
Жаз өмірдің жаймасы ме едің?
Жылқы айдап жүрер қиқулап.

Маңғаз ойдың маржаны ме едің?
Көрікке салып үрленген.
Бұл ғасырдың Тоғжыны ме едің?
Тоты құс болып түрленген.

Гүлзәрлі бақтың бұлбұлы ме едің?
Үніне дала исінген.
Шыңырауға біткен шың гүлі ме едің?
Шырайын жалғыз күн сүйген.

Бозтайлақ па едің мүсінді?
Адасып қалған керуеннен.
Қоңырау сазды құс үнді,
Құйдырып алдым кеудеңнен.

Төлеген арман Жайықтан көрген,
Хас сұлу ма едің әлемде?
Періште ме едің ғайыптан келген?
Сен әлде....

5 пікір

qyrmyzy
Не деген теңеулер…
maulen
иа, кремет теңеулер!
Kan
Ақындар жырға қосқан қыздар неткен бақытты. Сірә қызды жырламаған ақын бар ма екен
ai-naz
Өте керемет!
Oraldyk
қандай сөздер десеңізші… Қуанәлінің бұл туындысын бұрыннан білемін…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.