Өкініш

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Раббыма қайтамын деп ойламастан,
Күндерім аз арғы өмірге пайда қосқан.
Екі жолдың қайсына түсер екем?
Даңғыл менен бұралаң тайталасқан.

Сәттерім өтті-ау, түсінбей өмір мәнісін,
Жамандықпен жалғасқандай әр ісім.
Көз тартарлық дүние арбады ма?
Ойламай жүрдім өлгеннен соң арысын.

Адамшылық атақтан қалыс қалып,
Алла үндеген жете алмай табысқа нық.
Сәттер өтті-ау өкінішті өртердей,
Айыра алмас,
Менмендік пен намысты анық.

Адам әлсіз, бір күнде қалады өліп,
Жүре бердім әуенге сала беріп.
Бір басыма жетерлік жамандығым,
Жабыспаса игі еді нала болып.

Өткенімнен басыма төнгендей мін,
Сол өткенді шағымнан бөлгендеймін.
Дәл қазір «періште» боп кетпесем де,
Ақиқатты алыстан көргендеймін.

5 пікір

VseProSSto
Плюс қояр ем рейтингім жеткізбейді,
Заман қиын, дағуат еткізбейді,
1 өлең жазып едім уақыт жайлы,
Юзерлер минустармен тепкілейді))

Ай адамдар, қызықсыңдар, баласыңдар,
Жүректері кірден ақ «данасыңдар»,
Істеңдер ал білгеніңді, тыңдамаңдар,
Әй, бірақ, өкініп қаласыңдар…
VseProSSto
Сенемін қазақшылдар қалғанына,
Қазақшылдың сенемін талғамына,
Ислам деген қазақтың ішінде бар,
Мейірім қазақшылдың ісінде бар!

Қазақ деген мұсылман ол жүрегі кең,
Шүкір құдай, любойымен терезе тең!
Көрсетеміз біз әлі дінімізді,
Жастар көп қазір бізде иманжүзді!

Келіңдер, уа жамағат, бірігейік,
Ұйқтай бермей, қанекей тірілейік,
Даналықты еске алайық Алла берген,
Қашанғы жүреміз енді үріп-кейіп!

Дұрыс сөзге шын-адал баға бермек
Қазаққа сай қасиет, емес ермек.
Дұрыс ойды айта білу батырлық,
Бос мылжыңды оқи бермей ақыл ұқ!

© VseProSSto
pernebekova96
Күштіі маған қатты ұнадыы.
sultan_yerkebulan
Рахмет Айжанқыз…
Talap
Өзгенің өкінішіне мақтау айту әбестік, десек те "Өкінішің" керемет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.