Қоңырау

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Елеусіз қалды өлеңiм,
Дармен жоқ демек онда да…
Қайтемiн күнiм, көнемiн,
Сенерiм телефон ғана…

Бағым ең, мұңға алмастың,
Келмей ме көңiл аударғың…
Санынан тiптi алжастым,
Жауапсыз қоңыраулардың…

Үмiт пе? Тым жат ол маған,
Жалыққан ес елестерден…
Өзiңе арнап жолдаған,
Қайран жоқ SMS-терден…

Түсiншi, тағат таусылды,
Сынайсың халiм бiлместен,
Сәттер көп, аңсап даусыңды,
Үнсiздiкпенен тiлдескен…

Ойымды сол қылмақ елең,
Сенделген шағы сананың…
Алданып соқыр дәмемен,
Қоңырау және шаламын…

Күмәндар сынап тағы сұм,
Күрсiну, көндiгу мүлде…
Желiден жырақтамысың,
Немесе сөндiрулi ме?!

Құр гуiл… әлсiз демеп үн,
Шегiне жетiп үзедi,
Номердi қайта теремiн
«Сегiз, жетi жүз екi…»

5 пікір

sultan_yerkebulan
Сұлу сөздермен әдемі әсіреленіп жақсы жазылған!
Albina97
керемет өлеңді оқи отырып жақсы әсерде қалдым
ereke_enu
Тақырыбын 702 деп өзгертсең күштірек секілді
bekzada
Маған ұнады! тақырыбының өзі қандай)))
Kan
Құр гуiл… әлсiз демеп үн,
Шегiне жетiп үзедi,
Номердi қайта теремiн
«Сегiз, жетi жүз екi…»
тамаша жазылған. таңқалдым. Басында тақырыбын түсінбеп едім оқи келе өлеңіңе ғашық болдым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.