Қазағыма

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Сыйласа егер әр қазақ өз тарихын,

Салт-дәстүрін терең бойлап қараса шын,

Қазіргі болып жатқан шатасудың,

Ажыратып алар еді ақ-қарасын.


Ең алдымен жүректерге қарасаңыз,

Біз қазақ адалдыққа таласамыз,

Абыройды төгуге қорыққаннан,

Ар-ұятты сақтауға тырысамыз.

Бірақ қазір құндылықтар ауысқан күн,

Ақшалы мен қалталы табысқан күн,

Ары менен намысты ұмыта сап,

Дүние мен мүлікке тартысқан күн.

Рухани байлық деген сөз жоғалды,

Иман десе қазағың шошынған күн,

Абайларға еліктеп сақал қойсаң,

Бетіңе тік қараудан тосылған күн.

Туылған қорқынышсыз асылдан кім?

Туды ғой имандылар қысылған күн.

Жамандықтан қайтарып жақсы айтсаң,

Дейді саған “күнәхар кім, мұсылман кім”?

Қайтейін қазағымның қонақжайын,

Тұрса егер дастарханда арақ дайын,

Шәй беріп, айран берсең “ойбай, ұят!”,

Арақ ішу шаруа ғой “қарапайым”!

Осы ма салты менің қазағымның?!

Осы ма кең шырқауы азат елдің?!

Биік болсаң дәлелде қайран қазақ,

Тек кетпесін бір беті парағымның…

13 пікір

Jako
Абайларға еліктеп сақал қойсаң,

Бетіңе тік қараудан тосылған күн.


Ақынның не айтқысы келгенін түсінбедім, отыз жылдан асты сақалмен жүргеніме, бірақ ешкім ештеңе деген емес.

Неге қазақты соншама имансыз, жеккөрінішті, лас халық көресіңдер? Өздеріңіз де қазақ емессіздер ме? Түсінбеймін.
Мынау өлең емес, қазақты масқаралау ғой тұнып тұрған.Нелеріңді алды қазақ?
m170785
Жәке ау бұны менде түсінбедім, іштен шыққан шимай шатпақ зарына мен мүлдем түсінгім де келмейді, түсінген де жоқпын, келіспеймін де. Бір екі жерін ұғындым сәл болсада, бірақ…
VseProSSto
Көп халықтың иманнан алыс екені рас қой! Мешітке барып 5 уақыт намаз оқып, сөйлесе иманды айтып, құдайды айтып жүргендер азырақ.

Менің сақалыма көпшілік түсінбейді, «алсай анауыңды!» — деп қоймайды. «Онда тұрған не бар, қазақ емеспін бе? мұсылманмын..» десем де түсінбейді. «жассың әлі, жүрмейсің бе еркінірек, қыздарға бармайсың ба..» — дегендей сөйлейді…

Тойларға барыңыз: арақ, шайқала билеу, ақырында ұрыс-төбелес болмаса да, бәрібір жақсылық аз екені бар әңгіме…

п.с. қазаққа тағы бір ой салу үшін, алға сүйреу үшін айтылған әңгіме. Егер сізге қатысы жоқ болса — ҚУАНЫШТЫМЫН! Солай қайғыдан алыс, береке мен тоқшылықта жүре беруіңізді тілеймін!
Ak123
өте жақсы жазғансыз, меніңше!
Kan
Жако жастар үстірт ойлайды ғой. оған бола ашуланбаңыз. Сақал қоюды үркітіп жүрген қазақтың түпкі тамырын түсінбей жүрген жаңа қазақсмақтар ғой. көш жүре түселерміз
korwinin_kyzy
ЖӘКЕ, МӘКЕ осы екеуініз қашан қоясыз осындайды? пастаянны осылай шығасыздар шындықты айтып жазғанго ақын(((((( маған ұнады дейтсвительны болып жаьрго сондай жағдайлар
m170785
Қайреке іштен шыққаны дұрыс, өте жақсы жазылған, оған еш шүбәм жоқ, жазсын, жазба демейміз, әрине бәріне ұнап отыр, нақтысын айтамыз, ал бірақ тым әсірелету…
VseProSSto
Қуанатын жағдайлар жоқ емес! Жетістіктерге ырзамын! Президентімізге де еш наразылығым жоқ!

Менің сөзімнің жанды жері неде?

Халықтың менталитетіндегі кішігірім ақаулар. мысал:

1 — Тойдағы арақ
2 — Той жасағанда кім қанша ақша әкелді, кім әкелмедіні аңдысу
3 — Иман мәселесі — аталар, әжелер, әкелер, аналар намазсыз, Алланы танымай, қолынан келген амалды істемей, үлгермей өліп кетіп жатқаны мен үшін мұң…
4 — «заманауи» жастар
korwinin_kyzy
озын қоғам қайраткеры зиялы қауым сияқты сойлейсынго тыпты
жазсын, жазба демейміз,
кто ти такой чтобы приказовать или как это произноситься на вашеи языке жаз жазба дейтын сен кымсын
aliya2291
100% kosylamyn kazaktyn onbai kalgan osal tustary ali de biraz maskaralygy jazylmai kalypty jalpy auzdan Allasy emes aragy tuspeidi
VseProSSto
негізі, осынша жақсы жазылған өлеңге қалай минус қойған екен деп ойлаймын әлі… қайтем енді, айтарымды айттым…
Kan
Өлең жазады екенмін дем. Ішімде сндай зар бар екенмін деп. Қазақты «күнәхар» деп жамандап жағасын жыртқаннан не айыз таптың. Қазақ қазақ болмаса биіктігін дәлелдемесе сен қалай сайрап отырсың? Қазақтың биіктігін дәлелдеп керек емес ол онсызда дәлелденіп қойған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.