Терезе

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Қыз күнделігінен.

Терезеге қарайлаумен, елеңдеп,
Сізді аңсаған күндер маған жат емес.
Сезімдердің мұхитына тереңдеп,
Сол күндердің бақыт құшқан сәті елес.

Таба алмағам сезімімнің жауабын,
Қу тіземді құшақтаумен егіліп.
Бұл жалғанда сізді ғана қаладым,
Ал қалауым кетті менен жерініп.

Жапырақтар жылап түсіп жатқандай,
Демек, менің жаныма да кепті күз.
Қабаған ит балағыңыздан қапқандай,
Қашқақтаумен өзегімнен тептіңіз.

Күндер өтті күнді күнге асырып,
Телмірген күй терезенің алдында.
Сол кеткеннен қараңызды жасырып,
Кеттіңіз-ау малындырып бар мұңға.

Сарсылтқан бейнеңіздің қарасы,
Көз алдымда көлбеңдеумен тұр әлі.
Кешіріңіз, жетсе жүрек шамасы,
Дегенменен, сіз емес пе кінәлі?

Отырып алып қиялдың кемесіне,
Армандағам бір болуды беріліп.
Бірақ сіздей жігіттің «төресіне»,
Мен сияқты ауру қыздан не үміт!?

Тар қапастай тарылғанда бөлме іші,
Жата қалып жер тепкілеп жылаймын.
Бар кінәні тек өзімнен көрмеші,
Ауру да бір сынағы ғой Құдайдың.

Құшағыңызда еркелікке бөленсем,
Жалғыздықтың салқыны тие қоймас.
Іш құса боп ғашықтықтан мен өлсем,
Мен секілді сізді ешкім сүйе алмас.

Бәлкім алыс,қалай сізге жетермін,
Ойланғанмен, толғанғанмен ойда сіз.
Жазылған соң қалай табар екенмін?
Апырым-ау, осы шақта қайдасыз?

Шырқыраған жетім сынды егесіз,
Көкіректе шырқалады соқыр ән.
Еске түссе бір күндері келерсіз,
Мен тағы да терезеде отырам…

5 пікір

yesbolat83
Бұл жалғанда сүйгеніңді зарыға күткеннен асатын жаман нәрсе жоқ. Үміттенесің, бір көрінер деп, келмесін білсеңде.
Өте ұнады.
qyrmyzy
күтпеңдер! күтпеңдер! күтііііп отыратын уақыт аз… күтіп өтіп кетесіңдер!
didi0393
күтіп өтіп кетесіңдер! 

katyrasyn)))
didi0393
keremet jazylgan.arbir 2wi kyzdyn basynda bolatyn jagdai
Kan
Мен секілді сізді ешкім сүйе алмас." мына бір сөзіңізбен
Сүйген адамыңызды қарғыс айтқандайсыз. Басыңы әдемі басталғанымен арт жағын ұйқас қуып бастағансыз. Бір деммен оқуға келмейді ұзіліп-ұзіліп жетеді сөздеріңіз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.