Кешір мені..

Мен сені сүйіп едім.

Сол шақтарда түсінбеппін мен сені.
Шектен шығып,
Тым асырып, көтеріппін еңсені,
Немқұрайлы, салғырт қарап тұрушы едім
Толқып тұрып айтқаныңда «сүйемін деп тек сені!»

Саған сабақ әлдеқашан бітсе де
Мен шыққанша күтуші едің қанша уақыт,
Ал кей-кейде қуланып мұғалімнен
Шақыртушы едің физиканы сылтауратып.

Кездескенде үнсіз ғана тұрушы едің,
Қызараңдаған жүзіме қарап менің,
Сол сәт менен жауап күтіп тұрғаныңды
Мөлдір қара көзіңнен ұғушы едім.

Айтып едің Костанайға аттанарда:
«Сәулем сенсіз өмір сүргім келмейді»
Ал мен болсам жауап бердім жаймен ғана
«Кешір мені жүрекке әмір жүрмейді»

Сонда да сенен хабар үзілмеді,
Хаттарыңнан бір жылулық сезіледі
Бірақ, бірақ соңғы уақыт хабарың жоқ
Қалай болды мұның кілт үзілгені?!

Шыдамадым, хабарластым досыңа
О, тәңірім, не естідім мен сонда?!
Желік қуған желөкпелер кесірінен
Шығарыпты сені соңғы сапарға.

Аласұрып, ағыл-тегіл жыладым,
Кінәлідей өз-өзіме болдым өш
Армандадым « сол сәт қайта келсе екен» деп
Амал қанша, бірақ енді бәрі кеш.

Хаттарыңды жанталасып оқушы едім,
Телефоннан хабарыңды күтуші едім,
Кешір жаным, кешірші, кешір мені
Мен сені шынымен де сүюші едім!

«Сүйем» деген сөз ауыздан шықпауы
Қарғыс атқыр тәкаппарлық мінез екен,
Махаббатты шын түсініп бағалап ең
Сендей жігіт бұл әлемде бар ма екен?!

Кешірші, кешір мені өтінемін.
Өкінемін,құрғыр-ай, өкінемін.
Кеш те болса айтайын, білсін бәрі,
Кешір жаным…
Мен сені сүюші едім.

Кейде біз «итсің» дейміз жамандарға
Қанекей сол сөзіміз берсе пайда,
Ит дегенің көп нәрсені сезеді
Кей адамға сол иттей сезу қайда?!

6 пікір

dimash
осы сайт күннен күнге ұнап бара жатыр ау! Ғажап! Тамаша! Шүкір, қазақта да қаламы жүйріктер әлі де баршылық екен! Мағынасы қайда жатыр!.. Рахмет! әр әдеби постты оқыған сайын таңғалам…
Tyerbol94
Жылағым келіп кетті ғо. Тәкаппар қыздар осыны жүрекпен сезіп оқыса қанекей. Бірақ мына заманда махаббат деген не екенін ұмытып барамыз? Тасжүректер қаптап кетті. Ақшаға, қуыршаққа, анау-мынау, қыртым-шыртымдарға құныққандар аз емес. Айта берсең көп.
ardak1996
ұнады! мағыналы өлең…
AiEcPi
Өте жақсы өлең, авторын біле аламызба??? Мағынасы өте жақсы екен!!!
Madiash
тамаша өлең… мен шыдамай жылап та жибердим…
qyrmyzy
ыхыхыыыыыы, шынымен болған оқиға ма? Былай оңай беріле салмаңдаршы…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.