Ойлай бер мені

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /

Тағатсыз күткен ыстық үн,
Жаралы хал ғой – ғашық хал.
Күйсандық көрсең, бір тілін
Мені ойлап бар да, басып қал.

Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге.
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.

Жаныма қап ең жақын боп,
Жүректе бүгін сыздау көп.
Мен болсам кеттім ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп…

Жолығар болсам қайта мен
Сағыныш толы сол шақпен.
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.

Төлеген Айбергенов

19 пікір

Jolai
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.
MSHERIMBEK
Төлегеннің мына өлеңін оқымаппын) Высший пилотаж ғо)
korwinin_kyzy
баурм вибирай биражения о коком Толегене ты говориш? әлгі Сәкөнтайдын баласы төлегенбе? алде Айбергеновпа? если второй тогда Төлеген ага пиши или Төкен а так не твой жы ровесник Бро извини я за справидловость
Jolai
Төкен а так не твой жы ровесник
MSHERIMBEK
избини, быратан, Абай так ысказал, ну не важні, главни сыйластық қо Төкеңді:) А тақ, базару нет қо)
korwinin_kyzy
харашо ызвинаю следушый раз не паптари хорошо? Нада убажать старших Төлеген грубы прайзноситься он же 1937ші родился жы
AyKoN
11-сыныпта кітапханада көріп калып, жазып алып, жатка айтып журген кезім есімде...өте тамаша өлен… мұнда толық берілмеген… Марат Илясов ән жазған. дәл осы сөзіне. ал екінші нұсқасын қазіргі таңда Еркін Нұржанов орындап жүр «Мені ойла» деген тақырыпта. екеуі де сәтті шыққан ән, себебі өлеңнің сөзі керемет жазылған. бұл өлеңге баға немесе пікір ретінде Қуаныш есімді бауырымыздың «Төлеген сүйген Музаға» атты өлеңінен көруге болады. Жалпы тамаша!
Korkem
Ғажап! Оқымаппын…
Kan
Азырақ бақытсыздау боп…
бақытты ақын бар ма екен сірә?
Jolai
себебі ішкі әлемімен өмір сүреді
AKA
Осы әнді кім орындаушы еді? Әнді айтып отырмын, бірақ кім екені еске түспей отыр…
yesbolat83
Орындаушы:
Еркін Нұржанов
Одан бұрын:
Марат Илясов
деді ғооо Айкона қарындасым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.