ЖҮРЕК МҰҢЫ

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Көңілсіз күрсінді түнгі аспан,
Жүректің дүрсілін мұң басқан.
Көңілім көктемгі бұлттардай,
Ғашықтық дертімен ымдасқан.
Қиялым қона алмай көкте жүр,
Селдетіп өтермін төкпе жыр.
Пенденің кеудесін мекендеп,
Кеземін әзірше тәтті өмір.
Кеудемнің қайғысын бөлісші,
Сен менің тілімнен мұң ішші,
Тәттім-ау, мен саған үйрендім,
Ақ жарқын үніңмен келісші!
Қымбаттым, тағы да алдашы,
Жұмбақ тым жаңарың арбашы,
Ұйқысыз түндерді жетектеп,
Арайлы таңдарға жалғашы!
Қолдашы, тек сенсің сенерім,
Төбемнен түнеріп төнер мұң.
Адасқан сезім алдына,
Адасқан нөсермен келермін.

Сарқылмас бойдағы күшім де,
Жасырғың кеудеңнің ішінде,
Сол қалпы тамшы боп түсемін,
Сақташы табиғи пішінде!

Өміртай Еділхан

2 пікір

qyrmyzy
терең демалып жазайық пост, ой көшірейік өлең…
Jolai
ОК!))) басқа посттарға жаза алмай жатырм"(((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.