Қыс. Қыз

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Сұлулықтың самалы ескенімен,
Бойжеткендер көркейіп өскенімен.
Қыста ғана қымтанып, көктем келсе,
Жайылмайды неге осы төске кілем!

Жасыл шөпсіз жайлауың көрікті ме,
Сәндеп тұрған қабығы өрікті де.
Етек-жеңді киімге жарымағыр,
Қолың жетпес есі бар бөріктіге.

Өскен сайын ұнатып қысқалықты,
Ұятың да өзіңнен тыс қалыпты.
Қандай жақсы жылына үш ай болсын,
Тәубесіне келтірген қыс халықты..!

19 пікір

yesbolat83
Жақсы жазылған.
Kan
Көптен күткен өлеңім еді. Осыдай бір айызды қандыратын өлең оқысам ғой деп жүр едім. Рахмет Алла разы болсын. Тек авторы кім өлеңнің өзіңіз бе?
eclipse9
рахмет! аха өзім!
AKA
Дарын?! Қош келдіңіз! :)
Jako
Етек-жеңді киімге жарымағыр,
Қолың жетпес есі бар бөріктіге.

Кім екенің белгілі, астары «хиджапмания».
eclipse9
Кешірерсіз Жако мырза! Ондай жаңсақ ойдан санаңызды ада қылыңыз! Ешқандай да хиджапмания емес! Айтайын дегенім қыздарымыздың төсі мен кіндігін жауып жүрсін дегім келген!
Jako
eclipse9,өлеңдерің,ұйқасың, батырлығың бәрі ұнайды, бірақ идеяңнан қорқамын. Мен кәрі тарланмын ғой, сен сияқтылардың біразын талағанмывн…
eclipse9
Мені бахавист көріа тұрсыз ба))) Егер олай ойласаңыз қателесесіз! Мен дін жолындағы адам емеспін! Бірақ тәңірімнің барына сенемін))
m170785
тағы бір 4 жол қосу керек еді.
didi0393
бари жаппай тыржаналаштанып журген жооккой.койындарш осындайларды (((
eclipse9
Індеттің алдын алмасаң, тыықыр таянғанда көресің көресінді көресіңнің кері келіп жүрмесін дегенім ғой! Мен бұл жерде жаппай барлығы деген ойдан аулақпын, бірақ өкінішке орай басым көпшілігі!
sultan_yerkebulan
Қосылам, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек
korwinin_kyzy
ХИДЖАБ
авторы: Серік Мақұлбекұлы (лирик ақын)

Айтпа дейсің орамал жайлы мүлде,
Қымтанған болып еді қайғы кімге?
Тақымын көріп епті жігіттердің,
Талай қыз үйретілген тай күнінде.

Көзге ұрып тұрса ашық құлын мүсін,
Дәметіп қарар небір зұлым кісің.
Жалаңаш жарнамаға көз үйреніп,
Арсыздық жайлап, елім, бүлінді ішің.

Қызыңда қызғанатын не қалып ед,
Ұяты он жасында жоғалып ед.
Намысы он бесінде тоналып ед,
Оңаша қалып бөтен бозбаламен,
Үйіне түнделетіп оралып ед.

Кісіге тік қарамас ұятты қыз,
Нұрымен сүйсіндірер шуақты жүз.
Қорғаған абыройын ару көрсек,
Біз надан сұмпай көрген сияқтымыз.

Байыпсыз байбаламын салады ақыр,
Дінменен бір келердей заман ақыр.
Ашық қыз көшеде өскен жеміс сынды,
Көрінген қолын созып ала алатын.

Санасы кім бар бүгін уланбаған,
Қурап бір қалатындай қу болмаған?
Қызыңның бетін сүйіп белін ұстар,
Суық қол су жыландай сумаңдаған.

Көп қазақ хиджап көрсе қапаланар,
Күйініп, отты көзбен атады олар.
Аңырар ақыретте азап көріп,
Қыздарын қызғанбаған ата-аналар.

Құранға қарсы шығып халқым оңбас,
Өзен боп жанарлардан сарқырар жас.
Орамал тарту – жат ел дәстүрі емес,
Алланың бұйрығы бұл талқыланбас.

Қазағым, қашан сенің ойының оңған?
Ойнасты дәстүр қылдың айнығаннан.
Жездесі балдызының төсін мыжып,
Жеңгесі қайындарын қойнына алған.

Жексұрын мінезің көп, ырбаңдайтын,
Нәпсіңе кезің бар ма құл болмайтын?
Құрдасың әйеліңе қол жүгіртіп,
Құдасы құдашадан құр қалмайтын.

Байқап ал байлайтынын кім бағыңды,
Бұрған жөн жақсылыққа тіл-жағыңды.
Біл, қазақ, орамалды сөккеніңде,
Шайтанның сөзін сөйлеп тұрғаныңды.
korwinin_kyzy
Қияметтің күнін ойлап, ес кетіп,
Алла барын қояйын деп ескертіп,
Сиясына батырып ап жүректің,
Қаламменен ақ қағазға жыр ектім.
Аспан жерді алты күнде жаратқан,
Хабардар бол Жаратушы әл-Хақтан,
Біліп алғын жәннат, тозақ ол да рас,
Өткінші өмір қызығына болма мас.
Сені Алла бір тамшыдан түзеді,
Күйіп суып, денең бәрін сезеді,
Өтіп кетер қайран өмір зуылдап,
Ағайының артта қалар шуылдап.
Тауып ашып табыт деген есікті,
Талай жандар бұл жалғаннан көшіпті.
Ақылыңның аясын сен тар қылма,
Ақыретте өмір жоқ деп сарқылма.
Ізгі амалың болса рухың бақ табар,
Сол рухың жауап үшін сақталар.
Жүрегіңде табылмаса иманың,
Пайда бермес мал мен мүлік жиғаның.
Екі көзін топырақ кеп көмбесе,
Дүниеге тоймайды адам, ендеше.
Жаман істер кілті болар тозақтың,
Есеп беру өлімнен де азап тым.
Алланы ойла, жақсы амал қыл, ерінбе,
Сол амалың дос болады көріңде.
Жаратқанды ойлар болсаң тағатпен,
Қуантады ақыретте жәннатпен.
Балаңа да қалдыр ілім мұрасын,
Сені ескеріп бағыштайды дұғасын.
Ғибадат қыл жаман істен сақтанып,
Алла алдында атың шығар мақталып.
JarkynNUR
Қызық өлең… )) Менімше бұл жерде хиджаб туралы ешқандай сөз болған жоқ.
«Етек-жеңді киімге жарымағыр,
Қолың жетпес есі бар бөріктіге» деген жолдардағы «Есі бар бөрікті» ақылды жігіт емес пе??? Мәселені бірден дінге бұрып, дау көтерудің реті жоқ…
MSHERIMBEK
иии ақылынан сол:) дөп басқан сияқтысыз)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.