Қазақстан аруы 2011-ге

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Тілекшің боп сайыста «жеңсін» дедім,

Жаста болсаң осы атқа теңсің дедім.

Ал сен болсаң жағыңды теріс ашып,

Менің ана тілімді менсінбедің.

Бұның қалай қара көз қарындас-ау,

ҚАЗАҚТЫ өзгелерден кемсінгенің.

Сүтін еме, тілінен жерініпсің,

Өзге тілде өзіңше керіліп шын.

Бесіктен белің шықпай өкінішті-ақ,

Жат жұрттық жат қолына беріліпсің.

Ертең кімнің намысын қорғамақсың,

Бұл түріңмен түсесің торға нақ шын.

Өзіңді қойш, артыңда жәутеңдеген,

Бар қазақтың намысын сорламақсың.

Бұған неге жол берді төрдегілер,

Кері бұра тасымды өрге жүрер.

Осындай «шикілердің» арқасында,

Ұлттық «тілім»,«намысым» көрге кірер!

2 пікір

marghan_84
Жақсы жазылған.
qyrmyzy
Алматы Аруы — 2011ге сыныптасым қатысып еді. Оған да орысша шүлдіреп тұрған қыз Ару атанған :(
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.