Желтоқсат жаңғырығы

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жастарының санасына ес кіріп
Жөнсіздікке қарсы тұрды сес қылып
Дүниені дүр сілкінтті бұл жағдай
Желтоқсанның жанды даусы естіліп

Айтты мұны ақындарым ән қылып
Мұндай кезде қалмайды ғой сыр бұғып
Қаламгерлер жазды оны жыр қылып
Баспа сөзге шығып жатты «Алаңдағы жаңғырық»

Болашаққа жол бастаған бірлігім
Студент пен жас қазақтар алаңға аяқ бастады
Бейбітшілік талаптар мен алға ұран тастады
Жаса, жаса, жаса мәңгі қара қазақ жастары

Жап-жас қазақ қыздарыда бұл жағдайдан саспады
(Қазіргі) желтоқсан көшесімен тікке өрлей бастады
«Менің Қазақстаным» әнін шырқаған шақтарда
Сыздамаған жүрек қайда, жас алмаған көз барма

Озбырлыққа бас имеді жолдағы
Жас жүректер өздігінше толғанда
Желтоқсанның жаңғырығын бар қазақ
Жүрегімен, биік рухпен қолдады

Қарулы күшке қара қазақ жастары
Биік рухпен қарсы тұра бастады
Алға қойған «Азаттық» деген ұранын
Жұдырықтай жүректерінде сақтады

Шындық айтқан қылмыскер деп қамалды
Ұл-қыздарым итеріне таланды
Отаршыл, озбыр жауыздар
Қанға бояп тастады
Бейбітшілік, рухы биік алаңды

Өздері үшін алаңға олар шықпады
Халық үшін өмірлері тапталды
Қаншасы оның жас шағында өмірімен қоштасып
Көре алмады алдағы асу-белесін

Құрбан болды меніңде талай жерлесім
Бірак кейін адалдар деп ақталды
Халық үшін құрбандар деп жақталды
Ер есімі ел есінде мәңгілікке сақталды
Бола бермей бізде енді тастанды
Алға шығар уақыт енді басталды

10 пікір

korwinin_kyzy
адамдардын бәрі Желтоқсан туралы жазғыш болып кетыптыго
Jako
Не болды саған, несі ұнамай отыр, жазсын.
Aidana90
Желтоқсан әлі талай жазылад,
Жазылуда керек деп білем.

Айтпағым тәуелсіздікке жетудегі тарихын білмеген елдің, болашағы бұлыңғыр. Дәріптеуіміз жауыздық емес, бостандыққа деген талпыныс пен биік рух болса деймін. Тәуелсіздік жан қиюға тұрарлық құбылыс, бостандық баршағы керек болмыс екенін жанымыз ұқса деймін.
yesbolat83
Жарайсың, қалқам. Маған ұнады. Көз алдыма алаңға ұрандап шыққан аға-апаларым елестеп, олардың көрген қорлық-зомбылықтарын сезіндім. Рахмет.
Kan
Желтоқсан да яғни тәуелсіздік мерекесінде қазақтардың жоқтап отырғаны маған ұнамайды. Мерекені тойлауымыз керек емес пе? Тәуелсіздік мерекесінде тойлаудың орнына жоқтаймыз да ал жаңа жыл мерекесінде кадісгідей тойлаймыз. Мен түсінем 1986 жылғы қаза болған жастарымыздың аруағын ұмытпауымыз керек, сыйлап,қадыр тұтуымыз керек. Бірақ Тәуелсіздік мерекесінде жоқтаудың не қажеті бар. Егер жоқтау керек болса. Тәуелсіздігіміз үшін құрбан болған сонау Исатай мен Махамбет сарбаздарынан бері барша қазақтың өлімін жоқтап отырайық ендеше.
Aidana90
Күн қайырлы болсын!!!
Менің шығармашылығыма жоқтау деген сарын сыйлап отырған сынайлысыз… Ағасы оған жол болсын… Мен келіңдер қазақтар жоқтайық деп жазбадым, менің жүрек үнім.

Жаңа жыл мерекесі ол сылтау, көңіл көтеру үшін.
Тәуелсіздік мейрамының өтелуі ерекше болу керек. Әр бір адам осы сөздің мағынасына терең бойлап, осы күнге жеткен тарихымызғы бір сүңгіп, халқым үшін не жасай аламын деген сұраққа жауап беруі керек деп білемін. Тарихқа көз жүгіртумен елдің жетістіктері мен оған деген көмегімізді күнде ойламайтындығымыз аның… Ерекшелігі сонда…

Демалыс екен деп той тойлап, би билеуде емес.

Артық кетсем айып етпеңіздер, бұл менің жеке ойым…
Jako
Желтоқсан жастары орысқа немесе өзге ұлтқа қарсы шығу мақсатында емес,(мысалы сол күндері менің қасымда якут досым бірге болды) Мәскеудің әділетсіз саясатына қарсы шықты, тәуелсіздікті аңсады.Сол қыршындардың аңсаған арманы тәуелсіздік болғанан соң бұл күнді тәуелсіздік күні ретінде тойлаудың еш айыбы жоқ деп білемін.Ал батырларды әрдайым есте ұстап,қастерлеп қадірлеу әрбір қазақстандықтың борышы болар деп білемін.Жалпы аза күні деген болмай ақ қойғаны дұрыс шығар деп ойлаймын.
korwinin_kyzy
Басшыға қарсы шықпандар
ereke_enu
Қазақ не көрмеді? Жоңғарың бар, ұлт-азаттық соғыс, ашаршылық, репрессия жылдары, Ұлы Отан соғысы… Қайсысында болсын, МИЛЛИОНДАП қырылдық… Бірақ, түбі тәуелсіздігімізді алдық. Елдер осал халық емес екенімізді білді. Құдайға шүкір, бүгінде елің аман, ұйқы тыныш. Жерің тұтас. Елбасың аман. Көкте туың желбірейді. Тілің, дінің, салт-дәстүр, ұлттығың жоғалмады. Мұның бәрі тәуелсіздіктің арқасында.

Тәуелсіздіктің қалай келгенін ұмытпағанымыз жөн… Әркез «елім-жерім» деп еңіреген ел азаматтары болды. «Көтеріліс керек екен» деп еріккеннен қолына айыр ұстап, шыға салған жоқ. Халық түсінді, ел бірікті, бас көтерді. Қан төгіссіз болмасын білсе де, басын тәуекелге тікті. Қаншама жандар құрбан болды сол жолда.

Бұл көтерілісті қазіргі ТВ-дан көрсетіп жатқан көтерілістермен шатастырмау керек. Бізде оппозиционерлер өткен ғасыр қазақ элитасын өз көсемдеріне айналдырып алған. Расында, егер сол Сәкен, Мағжандар тіріліп келер болса, олардың бұл тірлігіне зекіп тастар ма еді?!

«Желтоқсанда» тәуелсіздік үшін күресті, бұлар не үшін?? Билік үшін, жоғары жаққа жетіп, ұлтты ойламақ, реттемек бәрін. Орысша айтқанда «на ровном месте» бүлік шығармақшы да. Алысқа бармай, қырғызды алайық. Күллі әлемге масқара болғаннан өзге не тапты олар? Сол секілді Араб елдерінде, басқа да мемлекет басшысына қарсы көтерілістің бәрі — арсыз тірлік. Елдігіңді ойласаң, елбасыңның жанынан табылмаймысың.

Қазір сондай кезең, әсіресе, мұсылмандар тарапынан мемлекет басшысына қарсы шығу кең етек алып барады. Бұл індет біздің елде де бірнеше рет бой көрсетті. Негізінде, бұл адасушылық. Ислам ғалымдары митинг, жарылыстар, т.б. көтерілістерден қайтаруда. Ал, бұл тентектер соқыр ма, саңырау ма дерсің… Түрлері қарақшы секілді, айқайлап, ызғар төгіп… Қайсысын білімді, тақуа жанға ұқсатасың?? Біреуінде білім жоқ, шатасқан, эмоцияның жетегіндегі жандар. СубханаАлла, мұсылмандар момын, тақуалыққа, білімге құштар келуші еді ғой…

Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте.
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте…

Дінді не бұрынғы Желтоқсан, Алашорданы бетке ұстап мемлекет басшысына қарсы шығуға шақырған кез келген ұйымнан аулақ болайық. Және содан қайтарайық. Осы күнге шүкір етейік. Не болса да елбасымызбен бірге көреміз.
VseProSSto
аумин! міне нағыз сөз деп осыны айт!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.