ҚЫС КЕЛГЕН КҮНІ

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Тысқа шықсам
Күн шыңылтыр, қар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан
Асып анау асқар асқар таулардан,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.

Қыс жетіпті,
Сол баяғы кезіндей,
Қуырып жүр дүниені көз ілмей.
Күн нұрынан еш жылылық сезілмей,
Әйнектенген маскүнемнің көзіндей.

Шуылдаған шау қарғадай жар салып,
Сәбилер жүр кәрі атасын қарсы алып.
Махаббаттан ұмыт қалған ұстаз қыз,
Терезеге қарап отыр тамсанып,

Терезеге қарайды да, тамсанып,
Мұңая ма, қуана ма ән салып?!
Жібір емес терезеге қатқан мұз,
Жылумененжылытса да қаншалық.

Аттанасың аяқтамай арманды,
Рас екен жалған десе, жалғанды!
...Қыз жанарын оқулыққа аударды,
Шешпек болып көп белгісіз сандарды…

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

9 пікір

Albina97
Мұқағали Мақатаев өлеңдерін ұнатамын, бұл да керемет
khairbek
AL-ASTER
Мұндай әңгімелерді еркектер жекеде екеуара талқыламаушы ма еді.
khairbek
Я Я бөлек шыгарып алып айтуым керек екенго ЫЗВИНИТЕ
Соңғы өңделген уақыты:
m170785
бұл мақтаныш емес Қайреке
khairbek
Эндэше алп таста бұл суретты, сенын руынды былу бызге манызды емес, (((
yesbolat83
Біреудің суретінде сенің қандай шаруаң бар, Қайреке. Тәртіп бойынша суретке емес жазбаға пікір қалдыруың керек. Ренжіме.
m170785
Есеке Бұл ескертеңізді Көршінің қызы Қайырбек түсінбейді
Zhanat
қыс қайтқанды күнді тезірек шығарыңдашы үсіп ын болдық қой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.