Қимай қарап өтесің

Қимай қарап өтесің, анық қой бұл,
Сезіміңді көзіңнен танып қойдым.
Бір кездер елжіреткен бал сезімді,
Бала боп жүрегімде қалып қойдың.

Содан бері өтті көп жылдар ағып,
Бірақ әлі қалмапты бұл балалық.
Еркелігің әлі де сол күнгідей,
Аласың жүрегімді нұрға малып.

Енді маған сен бұлай қарамағын,
Бақ тілеуден басқа жоқ бар амалым.
Еске аламын бір сәтке өткен кезді
Сон соң қайта өзіме орамаламын.

Көзіңнен азаптансам, ақырмаймын,
Сезімімді тереңге батырмаймын.
Қанша мені өзіңе тартқанменен,
Бәрібір кездесуге шақырмаймын!

Бір нәрсені білуің керек бүгін,
Білемін жұрттан асқан зеректігің.
Жеті миллиард адам бар бұл өмірде,
Мойындашы жолымыз бөлектігін!

Өткен сәттің айтылып ескі өлеңі,
Басымнан тәтті бір күй кешкен еді.
Бірақ та саған деген махаббатым,
Сен маған „жоқ„ деген күн өшкен еді.

Сол сәтте мен өзіңе өкпеледім,
Көңілімді мұң басқан текке менің,
Өзімде беймәлім күй шерткен едім,
Өзімнен өзім алыс кеткен едім,
Сондықтан да сені еске түсіретін
Бар нәрсені өмірде жек көремін!

13 пікір

Korkem
Ғажап!!! Мынадай өлеңді өмірімде бірінші рет оқып тұрмын, оқып тұрған сияқтымын!!! түртіп алардай екен...)) +1
Adilgerey
Сондықтан да сені еске түсіретін
Бар нәрсені өмірде жек көремін

Керемет!!!
ereke_enu
Ай, керемет өлең… Әр жігіттің басында болған шығар мұндай жайттар…
dimash
Құдай-ай құдай сол „жоқ„ дегенді енді естімесем екен…
ereke_enu
Бәрінен де бір жігітті жақсы көретінін білген жаман…
ereke_enu
Ол жігіттен ақыры пайда болмаған соң, тәубесіне келіп, өзіңе назар аудара бастайды. Бәрі бұрыңғыдай сияқты, мұндайда қуаныштан жүрегің жарылар боп, талай түндер ұйқысыз аттырар едің. Бірақ, жоқ. Қызғаныш та жоқ бұрынғы…
Baha_07
Қимай қарап өтесің, анық қой бұл,
Сезіміңді көзіңнен танып қойдым.
Бір кездер елжіреткен бал сезімді,
Бала боп жүрегімде қалып қойдың.
мықты мықты...! Талант деген жатр екен го)))
ereke_enu
Размер размерімен бар ғо)
Baha_07
Слишком нәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәән боп тұр-ау размері)))
Jako
Өмір деген де қызық -ау, жеті миллиярд адам бар десек те ішінде бір адамның орны бөлек.
KILYZAMAN
Не дейд, Ақсақал? Деген ақ екен ;-)
AKA
Көзіңнен азаптансам, ақырмаймын
Түсіне алмадым?!
AiEcPi
Сондықтан да сені еске түсіретін
Бар нәрсені өмірде жек көремін!
Осы жерде нені меңзеп тұрсың???
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.