Қар жауып тұр

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Қар жауып тұр…
Қараңдаршы далама зер салып бір,
Ақ күміске малынған аппақ әлем,
Күн нұрына шағылып көз қарықтар.
Қар жауып тұр!..

Қар жауып тұр!..
Қара жерге ақ әлем қарсы ағып тұр.
Ақ көрпеге оранып алмалы бақ
Қалғып кеткен секілді тамсанып қыр.
Қар жауып тұр…

Жыр ақтардым…
Сыңғырына үн қосып бұлақтардың.
Ару қыздың ажарлы ақша бетін
Аяз сүйіп қарашы қызартқанын.
...Құмарт, жаным!

Құмарт, жаным!..
Бұл өмірге мәңгілік тұрақтар кім?..
Бақыт шіркін бейне бір қолға қонып
Еріп кеткен ақша қар сияқтандың.
… Келеді жылап та алғың!..

8 пікір

Delfina
Бізде әлі қар жауған жоқ, қарап едім далаға)))
m170785
))), қар жауып қалар, Делфинаның ажарлы ақша бетін, аяз сүйіп қараймыз қызартқанын… қар жауып қалар…
Delfina
қар жауса жақсы ғой, бетімді аяз сүйіп, қызартып болды ғой… қар жаусын… жаусын…
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Мәке, өте керемет жазылған. Майын тамызып тұрып, мәнерлеп әйбат ғып оқу үшін арналғандай. Авторы өзің бе?
Құмарт, жаным!..
Бұл өмірге мәңгілік тұрақтар кім?..
Бақыт шіркін бейне бір қолға қонып
Еріп кеткен ақша қар сияқтандың.
… Келеді жылап та алғың!..
Әсіресе мына жолдары, құдды өзім жазғандаймын осы жолдарды.
khairbek
ақ Қарды қолыма ұстадым
бірақ та емес атырауда
себебі атырауда қар құламады
таразда устадым таразда

Бары осы Ғенжымендер
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Еріп кеткен ақша қар сияқтандың." керемет теңеу
Juka
"Құмарт, жаным!..
Бұл өмірге мәңгілік тұрақтар кім?..
Бақыт шіркін бейне бір қолға қонып
Еріп кеткен ақша қар сияқтандың.
… Келеді жылап та алғың!.."
P.S:
Жылап та алдым…
korwinin_kyzy
Қар жауп тур сыматрите қар жауп тур
тереземди жанбырлар тамшылап тур
ал ендеще бостан бос журмейк құр
Кілем, палас шыгарайк болындар жур
***
шелевыр неткен уйлесимди уйкастар менго менго менго нестим енди
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.