Балалық шақ

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Тезек теріп
Үйге келіп
От жағатын балалық.
Қызық көріп
Шашты өріп
Ойын қуған шалалық.

Көлді бойлап
Аунап-қунап
Суға түскен кездерім.
Бұрымды қыз
Қылығыңыз
Әл есімде сөздерің.

Сақа сайлап
Асық ойнап
Мұңсыз өткен күндер-ай.
Құртын ұрлап
Әже ойбалап
Ессіз өткен түндер-ай.

Тырық-тырық күліп
Бұзау мініп
Асыр салып жүргенім.
Балақ түріп
Суға кіріп
Майда шабақ тергенім.

Тақта сызып
Тәртіп бұзып
Сүмірейген шақтарым.
Асық тізіп
Ойын қызып
Кешігіп есік қаққаным.

Бала болып
Асқа тойып
Жүрген кезге не жетсін?
Балалықты
Шалалықты
Есі барлар ескерсін.

10 пікір

EREIMEN
Бала да болдық балдырған
Асатын қиял сан қырдан
артта қалған балалық
шашуым осы ән жырдан, бұл баяғыда жазған өлеңсімағым еді, қазір есіме түскені осы болды.
Delfina
Балалық шағыма қайта келсем… шіркін…
«7 шифр» ойнаған кездерім, "қашпа доп", «жасырынбақ» одан қалса «папа, мама» ойнаушы едік.
Jako
Ішіндегі ең мықты ойын «папа, мама» шығар.
khairbek
Керемет
khairbek
Керемет деп АҒЫМНАН ЖАРЫЛЫП ЕДЫМ бір придурок минустап қойыпты
AKA
Кідәй-ай, мен-ақ сол минусты түзейінші, соған бола көңілің түсіп отырса…
khairbek
маған минус крек емес маганда плөс керк емес, просто не жыны бар дим да
Jako
Шіркін-ай,қайран балалық шақ!
yesbolat83
Қазіргі балалардай жағдайлары жасалған уақытта балалық шағым өтпесе де, мен үшін ол кездер нағыз бақытты шақ, қол жетпес, қайта оралмас арман.
AKA
Жақсы! Бастысы өз туындыңыз, сол қуантады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.