Жақсы мен одан да жақсы

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жақсы мен одан да жақсы

Төрткүл дүние-ай тұтқа болып ең кімдерге?
Төрт қырлап қазған қабір ғой алар жүлдем де…
Төрт нәрсе жақсы тұрлаусыз мынау тірлікте,
Ал төрт нәрсе бар одан да жақсы, білгенге!

Бұғаулап алып бермеген кезде нәпсі бой,
Ар-иманыңа қорғаныш болар тасқын ой
Еркектің ұяты болғаны жақсы, әрине,
Әйелдің ұяты бар болса, тіпті, жақсы ғой.

Бес күндік өмір берілген бізге нақ сынақ,
Осы ғой бақыт!
Қайтеміз басқа бақ сұрап?!
Қартайған шақта жасаған тәуба жақсы да,
Жасыңда тәуба жасасаң одан жақсырақ.

Әділдік болар әлемде, Алла қаласа!
Құлшылық жаса, жұмысың басқа жоқ аса.
Басқамыз әділ бола алсақ жақсы, сонда да,
Патшамыз әділ боп жатса, тіпті, тамаша!

Бауырым менің, байлыққа кетпе құмартып!
Мақшарда ертең мұңайып қалма мұң артып.
Бай адам жомарт болганы жақсы, ал бірақ,
Кедейдің жомарт болғаны одан мың артық!

Қалқаман Сарин.

5 пікір

Jako
Қалқакман Сарин керемет ақын,өлеңдері сыршыл.
AyKoN
Мен ең сүйікті ақындарымның бірі!
AKA
Копи дүниелерден құтылайықшы, адамдар! Өзіміздің тың идеяларымызды бұқпай, жарыққа шығарайық та…
Jako
Копидің несі жаман, мен мына өлеңді бұрын оқымаған екенмін.
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Бауырым менің, байлыққа кетпе құмартып!
Мақшарда ертең мұңайып қалма мұң артып.
Бай адам жомарт болганы жақсы, ал бірақ,
Кедейдің жомарт болғаны одан мың артық

Керемет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.