САҒАН БЕРЕЙІН БАРЫМДЫ

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
КЕСКІНКөзімнің мөлдір тұнығы,
Нұрға бөлесін жаныңды,
Жүректің ыстық жылуы,
Сыйласын өмір сәніңді.
Сезімнен туған ең тәтті,
Арнайын әсем әнімді.
Қараңғы сәтте қасыңда,
Шырақ болайын жағулы.
Бәйгеге қосар тұлпардай,
Келтірейінші бабыңды,
Жаратқан жалғыз, бір АЛЛА,
Арттыра берсін бағыңды.
Ойы теріс жамандар,
Сындырмасыншы сағыңды.
Ел қамын ойлар Өр Ұлсың,
Сақтарсың намыс, арыңды.
Бақытты болшы асылым,
Саған берейін барымды.

11 пікір

maulen
Барын беретін жандардың жоқтың қасы ғой қазір, керемет!!!
AKA
Жақсы, тек сурет сәтсіз.
Jako
Неге,қимасын шығарып салып мұңайып отырған қыз емес пе, десекте шығарып салған адамының чемоданы қалып кеткен бе деген ой туады екен.Әрі поезд да кетіп бара жатқан жоқ, енді келе жатыр ма?
Kan
Суреттегі орысша жазу көзге шыққан сүйелдей болып іле адамға жаман әсер береді екен
Jako
Кан мырза,Өз тілімізді қадірлеу үшін өзге тілдерді де сол дәрежеде білгеніміз абзал емес пе? Көп тіл білу, ол тілдерді қолдана білу кемістік емес деп білемін. Кемістік көп тілді біліп өз тіліңді білмесең сол.Өз тіліңді жетік біліп,қадір тұта отырып, өзге тілдерді меңгеріп өз қажетіңе жұмыс істете білу үлкен жетістік деп ойлаймын.Сондықтан мұндай майда шүйдеден қорқа берудің еш қажеті жоқ деп ойлаймын.Әрине бұл менің жеке ойым,қателесуім әбден мүмкіңн.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Мен өлеңге мін тақпадым. Тек орысшаны қыстырмасақ басымыз ауратын әдетімізді қойсақ деймін.Қазақша ма таза қазақша берсін суретінде басқасында, орысша ма таза орысша берсін қарсы емеспін. Қашан көрдік орыстардың орсыша өлеңді жариялап жазып үстіне қазақша жазып қойғанын. мен осыны айтқым келген
Jako
Түсінемін сізді.
AYDANA
АЛ, ЕНДІ ӨЗІМНІҢ СУРЕТІМДІ ҚОЙДЫМ
Kan
Салем! Енді дұрыс болды. егер алғашқы пікірлерде қаттырақ кетсем айыб етпеңіз
AYDANA
ЖАҚСЫ. АЛ ЕНДІ ӨЗІМНІҢ СУРЕТІМДІ ҚОЙДЫМ.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.