Ертегі сезім.........

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Өмірде мұңды сырын шертеді.
Сүюден жаным еріп кетеді.
Қолыңнан ұстап діріл қаққанда,
Бойыма нәзік сезім бітеді.

Шырқасам әнім кімді елтеді.
Қиял мен арман алып кетеді.
Еркелей білген еліктей қызды,
Жүдеген жаным мәңгі күтеді.

Аңсаумен сені күнім өтеді.
Сыңғырлы күлкің бақытты етеді.
Өзіңмен жаным жарық емеспе,
Келетін күннің сырлы ертеңі.

Қайда екен жаным бақыт мекені?
Өзіңді ертіп барсам қайтеді?
Бақыттың тауып үлкен қаласын,
Мәңгілік болсақ солда жетеді.

Бұл өмір өзі қиял, ертегі
Қожанасырдай өлеңдетеді.
Хор қызын сүйіп ғашық боп қалдым
Сиқырлы сезім арбадау тегі.

2 пікір

AKA
Ұнаған жоқ. Тақырыптағы 9 нүкте күмілжітті…
VVVWWW
Маған ұнады, қарапайым да әдемі жазылған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.