Сұрақ коп бұл өмірде,жауабы жоқ

Сұрақ коп бұл өмірде, жауабы жоқ
Сұрай берсең сұрақтың шегі де жоқ
Адамға ойлайтын ми берген соң
Ойлаймыз әр нәрсені өмірде көп

«Анау не, мынау не?»-деп, бала кезде
Сұрайтынбыз, көрінгенді бала көзге
Ұстап қарап, татып қарап байқамасақ
Жылайтынбыз, тыңдамай айтқан сөзге

Сұрақ та өзгерді ғой өскеннен соң
Өмірдің басқа екенін көргеннен соң
Ұстап қарап, татып қарап байқамаймыз
Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білгеннен соң

Заманға қарай өзгерді ғой сұрақтар да
Сұрақты тыңдайтын қазір құлақ бар ма
Бұрынғылар сұраса аман-саулык
Казіргінің сұрағы-«Тұратын тұрақ бар ма?»

Иә, бәрі сұрайды өз керегін
Сұрағанға «сұрама» сен демегін
Жауабы жоқ бәрібір бәрінің де
Сұрай берсін сұрауын, сұрай бергін

«Өмір деген не?»-деп те толғанамыз
Қиналсақ, түңіліп жыланамыз
«Бақыт қайда кетті?»-деп, тағыда
Бақыт тілеп, тәңірден сұранамыз

Жар іздейміз тағы да, бір болатын
Ғашық болып жүрегі бір соғатын
Қиналсаң да,қуансаң да қасыннан
Тірегің боп әрдайым табылатын

Басың екеу болғасын-сұрақ екеу
Балам болса дейміз соң, алтау, бесеу
Балдарыңның содан соң қамын ойлап
Сұрақ та көбейеді әлденешеу

"""""""""""""""""""""""""

Бар болса қинайтын, жоқ болса қиялдайтын
Ол махаббат, бардан жоқты армандайтын
Сұрайық сұрасақ махаббатты. Бірақ та
Махаббатты көп сұрақты қаламайтын

* * *
Ананы сұрап, мынаны сұрап, тауыспаймыз сұрақты
Жауабын күтіп және де, түрмейік босқа құлақты
Сұрайық бірақ амандық, халқымызға тыныштық
Басқа-басқа сұрақпен өткізбейік уақытты

Авт:Қ.Қарабаев 04,08,2009 11:05

5 пікір

avatar
  • Jako
  • 0
Қыдеке, ақжол!
  • Manas
  • 0
Керемет өлең!!!
avatar
  • Kan
  • 0
Мағнасы терең болғанымен жеткізу әдісі әлсіз. Ұйқасыда ауырлау
avatar
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
Ақын емеспін. Жай осыдан 3 жыл бұрын жазған ішкі сезімнен шыққан ұйқас)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.