Бір анық айтқым келгенмен

Бір анық айтқым келгенмен,
Быламық түсті таңдайға.
Түрі анық біреуге ергенмен,
Адасу бар екен маңдайда.

Сұранып пара бергенмен,
Жыланып тұрар ар қайда.
Қуанып өлең өргенмен,
Шатасу бар екен жағдайда.

Жағадан алмай адамды,
Бітімге келер жол қайда.
Онсызда әзер қадамды,
Бірігіп бассақ болмай ма?

Көзіміз шалса сараңды,
Санамыз бейім ойбайға.
Өзіміз демек алғанды,
Ұнатамыз ондайда.

Тағдырға кеткен есені,
Адамнан алуды ойлай ма?
Тағдыр ол-Алланың өлшемі,
Қарсыдан болып сорлай ма?

Маңдайда сорымыз бес елі,
Шығарып келсекте ойды айға.
Тауыстпас тамақ кесені,
Мыңдаған долларға тоймай ма?

Қазақтың бүгінгі кеселі,
Пара алу, ақшаны зор ойлау.
Азап тым ақырет есебі,
Көкемнін есебі орайлау.

Шындықты көрген әлсізге,
Мықтының күші қол байлау.
Келері қолдан әзірге,
Төменде тұрып айғайлау.
  • +4

8 пікір

avatar
  • khairbek
  • 0
жарадын отэ жагсы жазылыган тусынген адамга
avatar
  • Kan
  • 0
Маңдайда сорымыз бес елі," неге өз елімізді масқаралауға құмармыз. Қазаққаьенді не керек тәуелсіздігінен артық. Жамандардың жағымсыздығына бола барша қазақты төмендетуге бола ма осы.

Әйтседе бұл өлеңде көп шындық бар. Әсіресе мын соңғы шумағы қатты ұнады:
Шындықты көрген әлсізге,
Мықтының күші қол байлау.
Келері қолдан әзірге,
Төменде тұрып айғайлау.
avatar
  • Jako
  • 0
Сендер әлі жассыңдар,Қазақстанның,қазақтың өркендеуіне қаншалықты еңбектеріңнің сіңгенін білмеймін. Бірақ Қазақтан қорлық көргендей еңірегенде етектерің жасқа толады.Неге бұлай, осылай жырлау модаға айналап бара жатқан жоқ па? Не қызметімізді бұлдап, біреулердің еңбегін жерге тығып жүрміз деп ойлансақ болмай ма? Қазақ дінсіз,қазақ жемқор,қазақтың басшысы тойымсыз.Сонда біздің басқа Отанымыз бар ма? Ата-анаң жақсы болмаса, басқа жақсысына айырбастап ала алмайсың, сол сияқты сен қазақты қанша жамандасаң да басқа ұлт бола алмайсың.Одан да қолыңнан келсе қазақты сен басқар, біз соңыңнан ерейік.
Қазақтың бүгінгі кеселі,
Пара алу, ақшаны зор ойлау.
Азап тым ақырет есебі,
Көкемнін есебі орайлау.
Мына сөздердің мағанасын түсінбедім,ұйқас үшін алына салған сияқты.
avatar
Ия жаспыз...Құр мақтау адамды ширатпайды, керісінше көкірек соғуға апарады немесе маужыратады.Көрген көзде жазық жоқ. Достың жылатып айтатыны тағы бар.
Бірақ Қазақтан қорлық көргендей еңірегенде етектерің жасқа толады.Неге бұлай, осылай жырлау модаға айналап бара жатқан жоқ па?
Басқаша түсінік бар қоғамда.Негізі әркімнің ісі өзіне, ешкім ешкімді зорламайды, ешкім ешкімге бұйырмайды.Бірақ жазылу үшін ауруымызды, мықты болу үшін осал жерімізді айтпасақ ұлтқа деген жанашырлық сезіміміз қайда?
avatar
  • Jako
  • -2
«Ақырзаманның баласы аласа туады, бірақ өзіңмен жағаласа туады»-деген осы шығар)))
«Ақырзаманның биесі зорға туады, сонысына қарамай жорға туады»-деген де келіп тұрғандай.
Тура емес жерлеріңді айтса жандарың шығып көсемси жөнелесіңдер, бірақ оларыңның жаттап алған қызыл сөз екенін ойламайсыңдар да, не боп барасың өскелең ұрпақ.Барды көре алмайсыңдар, жоққа бөліп берер түктерің жоқ. Әлде ақ тер, көк тер болған алдыңғы ұрпақ біздер ақымақ болдық па, түсінбеймін.Әйтеуір тер төккеннен көрі, дайынды тартып алғыларың келетіндей болып көрінесіңдер кейде.Онымен қайда барамыз, сынама демейміз сынаңдар, бірақ немізді міндетсінеміз дегенді де ойлап қойған жөн болар.Егер көрші Өзбекстанда осылай жазсаң, ертең-ақ жоқ қылар еді, бізде не болса соны айтып отырғанымыздың өзі де көптік қылмас ойласақ.Жоқ әлде сендерді дұрыс болсын.бұрыс болсын мақтай беріп күн көреміз бе?
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
  • maulen
  • 0
Мәселе: мақтау, мадақтауда емес қой. Ең бастысы шындық жазылса болғаны! Жарайсың!
avatar
«Көксемесең көруді мәңгі өртіңді,
Ақиқаттың алдында ал бөркіңді.
Шындық шіркін қай кезде тәтті боп ед,
Ащы дәрі жазбай ма бар дертіңді»,-деп жырлапты Тазабеков!
avatar
  • khairbek
  • 0
керемет создер
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.