Өткеннің тәтті елесі-ай

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Өткеннің тәтті елесі-ай
Сурет боп қалдын қолымда
Сағынышпен еске алам
Мәңгілік қалдың ойымда

Бакытты едік екеуміз
Қол ұстасып жүргенде
Айырылыстық енді біз
Өкпе бар ма өткенге

Бағаламаппын мен сенің
Сезіміңді шын суйген
Күлімдеген сол көзің
Кетер емес есімнен

Өткен қайтып келмейді
Өкінгеннен не пайда
Сезім бірақ өлмейді
Жүрсек те біз жан-жақта

Кеш түсіндім, мен бәрін
Қателесіппін мен қатты
Қайтып келмессің сен енді
Жаныңа ісім шын батты

Бақытты бол өмірде
Тапсаң шын бақытты
Тұсау салма сезімге
Жолықса саған бір жақсы

Екі айырылдық екеуміз
Орындалмас қалды арман
Еске алып бірақ жүрерміз
Өткен кезді, беу-қайран

Кеткеніңмен сен менен
Кінә артпаймын мен саған
Бақытты бол өмірде-
Бес күндік мынау жалған

1 пікір

sultan_yerkebulan
Ішкі ойыңыз жап-жақсы сағынып, жап-жақсы тілек тілепті!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.