Сұрақ пен үміт

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Неге сүйдім мен оны,
Ғашық болдым несіне
Қиналған тек мен ғана
Беріліп мас сезімге
Сүю қиын екен ғой
Керек екен төзім де
Ең бақытты шақтарым
Сенің сүйген кезің бе?

Есіме алсам өткенді
Ауырады жүрегім
Ұмытайын десем де
Қимайды сені көңілім
Сүйдім жалғыз тек сені
Адал еді сезімім
Арада уақыт өтсе де
Сенсің менің сүйгенім

Сен де мені сүйгенсің
Артық санап бәрінен
Еркелеп маған, күлгенсің
Дәмін алғам ерніңнен
Бірақ та бірге болмадық
Алыс кеттің сен менен
Сенен артық жан болмас
Екі айырылып кеткенмен

Қайтып бірге болсақ деп
Бір Аллаға жүгінем
Қосса екен деп біздерді
Дұға қылдым тәңірден
Сүйген сұлу сен болдың
Ұнатып шын жүректен
Күтіп жүрем мен сені
Келер деген үмітпен

2 пікір

Kan
Жақсы жазылған екен
pari
Айтабердегі посттардың 60 пайызы махаббат тақырыбында. Мына поэзия маған ұнады. Қайғылы...)(((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.