Жүректен шыққан жалын сөз

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Қаршадай қыз
Жиі баққа барамыз шаршамаймыз,
Бірімізге айталмай сырымызды
Түк таппаған адамдай тал санаймыз.
Есте қалар күніміз бүгін дейміз,
Бәдендедің бәйшешек бүріндей қыз.
Бір қоштассақ айрылып қалатындай,
Таң рауандап атқанша гүл іздейміз.
Иран бағым қалай сонда кеудеме сыйған жаным,
Иман жүзің ып-ыстық сүйген кезде,
Ибалылық белгісі қиналғаның.
Мамықтай маужыратып жасыл желек,
Кеудеме кеп төсенді басың кенет.
Жұбатуға сөзім жоқ кемсеңдейсің,
Қаршадай қыз недеген жасың көп ет.
Сосын түкте айтпаймыз ақтарылып,
Өше берсе қайтеміз жаққан үміт.
Маңайыңа қарайсың мұңға батып,
Бақыт тауып алардай бақта жүріп.
Айдынында алаңсыз тәуір сырғып,
Қанатыңды алмашы қауырсың ғып.
Өріктей өңің сынып отырғаның,
Құдай ау жүрегіме ауыр сұмдық.
Шықпай жүрсің шерменде болып түсімнен,
Сонда бізді табиғат тек түсінген.
Күрт құлазып қанғыбас бұлт жылады,
Найзағайда суретке көп түсірген,
Ғашықтармен тағдырдың ар басқанын,
Аңғардымда түсіндім алғаш жаным.
Жаңбыр емес көз жасы ол періштенің,
Сол ғой саған күйзелген, ал басқа кім?
Жаратқаным жар болшы жандарға әсем,
Қаршадай қыз аман бол жалғанда сен,
Жұбатуға өзіңді бір ақ жол бар,
Мені ұмыт көрсеңде аңғарма сен, таңқалма сен.
***
Суы бал, ауа шекер, дала сәуір,
Қимай сені кетіп ем қараша ауыл,
Аға сізді сағына күтемін деп,
Менімен қоштасып ет бала сауыр.
Еңсеңді езіп жіберер нала мұңның,
Зіл екенін білмейтін бала құрбым.
Жымиып саусағыңа шашыңды орап,
Алақаныңды сүйдің де маған үрдің.
Дариғай сол кездесу болдың жалған,
Енді екеуміз күтпейміз ол күнді алдан,
Бөктерлі ауыл бүгінде бөтен маған,
Жаның шыққыр кім екен сол гүлді алған.
Түн мұңайтып оятат, жұбатып таң,
Бетегелі белдер ай құба тұтқан.
Сенің тойың естідім бұрын бопты,
Біз екеуміз келіскен уақыттан.
Ауа тар, суы харам, дала мамыр,
Сағыныш пен салыппыз араға жыл.
Ауылыңа қойып еді жолым түспей,
Сенде келе қоймадың қалаға бір.
Өкініш…
***
Секілді екенбіз көктем, күз,
Бір жылып, бір суып кеткенбіз.
Сені іздеп сабылып жүмін ғой,
Мен үшін нақақ жас төккен қыз.
Әйтеуір жоқ емес бармыз біз,
Тоғыса алмаған тағдырмыз.
Қосылсақ аққудай сыңармыз,
Немесе мәңгілік жалғызбыз.
Өмірге өлердей құмармыз,
Егіліп емендей сынармыз.
Мүмкін біз бір жерде кездесіп,
Таныса алмаған шығармыз.
Жібектей мінезің ұяңдау,
Қиялдау, өзіңді жиі алдау,
Жарыққа шыққаны өлең боп,
Қалыпқа сені ойлап сия алмау.
Сағымға айналып сәттерім,
Дерексіз жырға мол дәптерім,
Айтпайын деп едім айтқыздың,
Қыпша бел, күлім көз, тәтті ерін.
***
Үзіліп түскен үлбір ме дедім,
Қарақат меңді бүлдірген ерін.
Сезбейсің рахат, жүзіңді көріп
Дуалы ауызда тіл күрмелгенін.
Балқытты бойды саусағың сырғып,
Қараптан қарап қаусадым сұмдық.
Көзіңнен тұнық өзімді көрдім,
Мөлдірдің жүрген кәусарын сүңгіп.
Сымбатты жансыз ер оңа ма екен,
Сең-сеңім болса сені орап өтем.
Қаңтарда бұлай құласам саған,
Маусымда құдай не болады екен.
Аңсарым ауған гүл көрмей далмын,
Сол кешке сәулем білгендей бардым.
Үмітке бола бір жұлдыз ақты,
Арманымды айтып үлгермей қалдым.
Хапездің саған бергісіз жыры,
Әспеттеу деме енді сіз мұны,
Шаһарға бір мең татыйтын болса,
Менде де мең бар белгісіз құны,
Жалыны іспеттес жанар оттардың,
Шарпыған өртке қарап оқталдым.
Жігері мықты жігітпін деуші ем,
Жүрегі жасық бала боп қалдым.
авторы Балхаштық ақын Бағдат Мүбарак

1 пікір

Kan
«Бәдендедің» деген сөзді түсінбедім. жақсы өлең екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.