Бір қуаныш.

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жадыраған көңілімнің көктемі,

Айтшы маған, рас олда көп па еді?!

Бір қуаныш күнде нұрын төккені,

Бір қуаныш күннің өзі көктегі.

Бір қуаныш жаңбыр зулап өткені,

Кемпірқосақ көкті тербеп өпкені.

Дәл сол кезде, ақ бұлттарға оранып,

Ақ көңілмен оятсаңшы кеп мені.

Бір қуаныш сезімдер жанданғанда,

Махаббатқа құмар бір жан қалғанда.

Бір қуаныш таңбалы шындықпенен,

Абыройы өртенген жалған барда.

Көңілдің көкірегі ашылғанда,

Сезім келіп кеудеме асылғанда.

Ақ ойлардың астында шалқып жүрген,

Өлеңімді арнадым асыл жанға.

Е.Еламан.

(автор туралы ешнәрсе білмеймін,өлеңі ұнаған соң басқалардың пікірін білейін деп жарияладым)

4 пікір

nurbanu_KAMAL
«КӨК ШЫҚҚАНҒА БІР ҚУАНЫП, ШӨП ШЫҚҚАНҒА БІР ҚУАНЫП» ДЕП БАСТАЛАТЫН ӨЛЕҢМЕН МАҒЫНАЛАС ЕКЕН. АЙТПАҚ БОЛҒАН ОЙЫ ӘДЕМІ ДЕМЕСЕҢ, ӨЛЕҢНІҢ ӨЗІНЕ ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН.
Jako
Маған ұнағаны қазіргі кезде өмірді тек қана сұрқай жағынан ғана көретін адамдар бар, соларға ойлап қарасаң өмірдің түрлі-түсті,қуанышты,қызықты жақтары да жетіп жатыр дегендей ой айтқысы келгені.
nurbanu_KAMAL
иә. маған да сол ұнады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.