Ғашық болдым

Ғашық болдым айта алмадым сөзімді
Ұмытпадым, мөлдіреген көзіңді
Түсіндім мен Махаббат не екенін
Алғаш рет көргенімде өзіңді

Мен өзіңді Қыз Жібекке теңеймін
Құшақ жайып бір өріске кеңейдім
Қыз сүйерлік тамырымда қаным бар
Ұрпағымын Жәнібек пен Керейдің

Ғашық болдым, тулап жүрек көнбеді
Соқты жылдам, маған керек сен деді
Жан жағымда толып жүрседе арулар
Саған деген жүрек оты сөнбеді

Сүйем сені, сенде мені сүйгесін
Жанарымда өшпейтұғын бейнесін
Ғашық болам әрбір көрген сәтімде
Өзге адамдар не деседе дей берсін

Ғашық болдым, мінезіңе салмақты
Сол мінезің мына мені арбапты
Сені аңсаған арманымның қанаты
Самғап биік, сені ойлаудан талмапты

Сендей ыстық мен үшін адам барма
Сыйлап өтем, тамырымда қаным барда
Сені ғана өмір бойы сүйіп отем
Кеудемдегі тырнақтай жаным барда

Ғашық болу естен кетпес ұлы сезім
Бұл сезімге жету үшін керек төзім
Махаббаттың әсерін сезіп қалсаң
Жарқырап күлімдейді екі көзің

4 пікір

Muti89
Пікірлеріңізді қалдырыңыздар
Kan
Шындық айтылу керек қой. Өлеңді оқығанда кремет әсер алалмадым. Сізге әлдеде ақындық сезіміңізді шыңдау керек тәрізді. Сезімді өлең ету үшінде керемет шеберлік керек. Сізде шабыт болғанымен шеберлік аз. Сөздердің бәрі сол жаттанды үйреншікті сөздер.
AKA
АсанПердешовСтайл! Аямай арықтаттым ©
Delfina
хе хе, АКА қатрасың))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.