Қош бол

Қош бол мәңгі, Махаббатым,қош енді
Тағдырымда сызат қалды әсерлі
Қайтып маған жылап сықтап келсеңде
Жүрегімде орын болмас бос енді

Тағдыр шығар пешенеге жаздырған
Болған жоқпыз бұл өмірде аз құрбан
Тура жолдан таймайтын едің адал
Қай жын екен, сені катты азғырған

Бір сен үшін отқа түсіп күйем дедің
Тастап кетсең өмір сүрмей өлем дедің
Қара нан мен қара суды ішсемде мен
Тағдырдың жазғанына көнем дедің

Қайда кетті ант ішіп осы айтқаның
Сені ғана сүйемін деп қоса айтканың
Абзалы сені жадтан сызып тастап
Пәк жүректі жалғаннан босатқаным

Жаным едің сағынышпен аңсаған
Сені ойлаумен таңдар атты қаншама
Шын ниетпен төрт жыл кешкен сезімді
Ұмытамын қанша қиын болсада

Қош бол мәңгі, сүйгенім қош бол енді
Көкірек емес, ақылыңмен дос бол енді
Өзіңменен төрт жылымды өткізсемде
Ұмытамын мәңгілікке,қош бол енді

Мүти Азамат

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.