Сүйгеніңді сағыну

Бір өзіңмен бақытты мен боламын
Ойламаппын мұндай бақтың қонарын
Айрылысқан Махаббатты ким білген
Қайта айналып ыстығырақ соғарын

Өмір деген сан тармақтан құралған
Мың өрілген, шырмауықтай бұралған
Тауып алу шын суйгенді ішінен
Нар жігітке орындалмас бір арман

Алыстықта Махаббаттың қадірі
Жақындықта сезіледі жан нұры
Адал болып сүйіп өтсең егер сен
Шешіледі Махаббатың тағдыры

Сағынғанда жанар жасқа толады
Ер болсамда мұндай болып тұрады
Көз ілеспейтін жылдамдықпен жүрегім
Сен деп мәңгі өшпей қатты соғады

Көзім жетті, саған әркез сенемін
Осы сөзім сені сүйем дегенім
Жақсылықта, жамандықта бір болып
Пешенеме жазылғанға көнемін

Сені ойласам көкке ұшып кетемін
Өзіңменен армандарға жетемін
Құлақ салып тыңда мені Жаным-ау
Сүйдім сені, сұйем әлі, мәңгі сүйіп өтемін

Сүйем десең ол болмайды жағыну
Алыстасаң пайда болар зарығу
Алыс болсын, жақын болсын аралар
Қиын екен сүйгеніңді сағыну

Мүти Азамат

3 пікір

Kan
Алыс болсын, жақын болсын аралар
Қиын екен сүйгеніңді сағыну" қиын болсада. Сүйгеніңді сағыну тәтті сезім. Өлең сәтті шыққан
AKA
Нашар!
Delfina
АКА жас бала сүйгенің сағынып тым жақсы өлең шығарса, тыңқ еткізіпсіңғой))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.