О,Махаббат

О, Махаббат толғандырдың талайды
Жастар сеннен тазалықты қалайды
Сен болмасаң бұл жалғанда пенделер
Бірін-бірі қызыл иттей талайды

Бір өзіңсіз қанша жүрек қиналды
Жарсыз өтті қанша ару ибалы
Ыстық сезім бердің барша адамға
Сол себепті бірін-бірі сыйлады

Алыстасаң ыстығырақ боласың
Бар зейінді бір өзіңе бұрасың
Келіспеген ғашық екі жүректі
Қайта қосып, табыстырып тұрасың

Саған әркез табынбаған оңбайды
Өзің жоқта көңілдер еш толмайды
Сен болмасаң мына сырлы өмірде
Өмір сүру, сүю деген болмайды

Махаббатпен бір кездері таныстым
Айырылып қалатындай жабыстым
Бұл сезімге жан-тәніммен беріліп
Уәделесіп, екі қолда алыстым

Мойындадым махаббатты, бой ұсындым
Сүріндім мен,қателерден ұшындым
Сол жасаған қателерден бой алып
Ешқашанда жасамауға құлшындым

Сен биіксің, жоғарысың, көктесің
Сенсіз жастар жанар жасын төкпесін
Бірін-бірі құлай сүйген ғашықтар
Еш уақытта айтпай өтсін өкпесін

Мүти Азамат

2 пікір

Kan
«Саған әркез табынбаған оңбайды
Өзің жоқта көңілдер еш толмайды
Сен болмасаң мына сырлы өмірде
Өмір сүру, сүю деген болмайды»
жақсы жазылған мағнасы әдемі түсіндірілген.
AKA
35%-ын ғана бағаладым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.