Ойлай берем

Ойламайын десемде, ойлай берем
Өзгелердің жанарынан сені корем
Өзіңді ойлап жұдырықтай жүрегімді
Бекерге жаралаймын оны білем

Еріксіз көздерім түнде ілінбейді
Мұң тұрсада көңіл үшін күлімдейді
Өзегім өкініштен өртенседе
Өзгелерге жан қайғым білінбейді

Тағдыр мені қатты алды сынаққа
Жауап сұрап, шешімі жоқ сұраққа
Сағыныштан жарылуға шақ қалып
Оңашада кейде аламын жылапта

Қылығыңды сағындым еркелеген
Періштесін мен үшін ертегіден
Зарығып жүрген шығарсын сенде сірә
Бал сөзімді бір естуге еркем деген

Түсіме енесің ұмытып келе жатсам
Ай боп шыға келесің, күн боп батсам
Білмеймін қандай сезім кешер едім
Ақ таң болып алдымнан қайта атсаң

Мүти Азамат

6 пікір

Kan
Жаман емес. Сіз сірә тым көп ғашық болғансыз ау сірә. Махаббатты көп жырлайды екенсіз.
«Періштесін мен үшін ертегіден»

Сосын періште ертегіде болмайды. Мұсылман болсаңыз бұлай жазбаңыз
Muti89
Достар рахмет пікірлеріңізге, шамалы қателер болса кешірім сұраймын! есесіне маған шабыттандыратын сөздер айтсаңыздар, мен одан сайын шабытымды үдете түсемін! Сондада рахмет достар!
AKA
Өлеңнен өзге тақырыптарды қозғасаңыз нұр үстіне нұр, құмшекер үстіне құмшекер © болар еді. Өлеңді өзіміз-ақ тауып, оқып аламыз, рахмет!
Muti89
Жарайды, АКА ханым))))
AKA
Қош келдіңіз! :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.