Тыныштық-ай!..

Тыныштық-ай, мазаладың,
Мүлгіп мүлде, жазаладың!
Өтсе уақыт мүлгуменен,
Қайдан бақыт таба аламын?

Кеше, бүгін, бәрі – бір күн,
Айналады дүркін-дүркін.
Тағат таппай тыныштықта,
Тыпыршиды жүрек шіркін!

Түнгі дала, үнсіз аспан,
Жұлдыздар тұр жымыңдасқан.
Дірілдейді жалғыз жаным,
Жалғыз айға сырын ашқан…
(03.12.2012. сағ.: 01.44)

9 пікір

Jako
Тамаша жазылған, өте таныс сезім.Осы бір сезімді жиі бастан кешіремін, жалпы үнсіздіктен қорқамын.
maulen
Нұрбану, көпке бұйырмаған нәзәк сезімге ие жан екенсіз, әр бір өлеңінізде бір сыр жатыр, ұғып оқыған адамға ой саларлықтай!!!
nurbanu_KAMAL
Пікіріңізге рахмет! Өлеңді түсініп оқу деген негізі, керемет дүние ғой. Өлеңімнің сізге ұнағанына қуаныштымын.
maulen
Оқасы жоқ! Талабыңызға үүл бітсін!
Delfina
Жақсы жазылған. Осы көбіне түнде шығарасындар өлеңді да? Қорқынышты кино қарап отырып туындаған өлең қалай болады? Солай шығарып көрдінізба?)))))
muktybek
күндіз мұндай жырларды жазуға, тіпті ойлануға уақыт бола бермейді ғой
nurbanu_KAMAL
Олай шығарып көрмеппін. Түнде жалғыз отырып қорқынышты кино көре алмайым, негізі.
Kan
Нұрбану сенің өлеңдеріңе деген ғашықтығым күн сайын еселенуде. Адам бойындағы нәзік сезімдерді керемет жеткізе білесің.
nurbanu_KAMAL
Рахмет көп-көп!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.