Қызықты күндер

Оңашада қалам алдым қолыма
Шабыт келіп өлең жаздым зорыға
Бағым болып жазылмапсың басыма
Ең құрғанда жазылмапсың сорыма

Сүйдім сені бұған күмән болмады
Ерте келді бұл тағдырдың толғағы
Мендік болмай кетсеңде сен бірақта
Осы өлеңді жүрек саған жолдады

Сенде сүйдің мына мені білемін
Қанша адамның жараладың жүрегін
Өзге жаннын жаралсаңда бағына
Жүрегімде мәңгі сақтап жүремін

Талай талай қызық күнді өткердік
Ащы менен тұщыныда көп көрдік
Қанша жылдар қол ұстасып жүрсекте
Қол созымда тұрған баққа жетпедік

Теңем едім сені әлемде жоқ гүлге
Алыстан-ақ көз тартатын шоқ гүлге
Бұрын кешкен ұлан-ғайыр сезімнен
Қалмапты ғой, жүрегімде жоқ мүлде

Таң атқанда ойлап тұрам өзіңді
Кеш батқанда сен деп жұмам көзімді
Дем алуда қиын маған өзіңсіз
Амал қанша болам енді төзімді

Сүйгенді сүй, сүймегенге жалынба
Жүрек берген әмірлерге бағынба
Керек болса ар-намысты құрбан қыл
Адал болар махаббаттың жолында

Мүти Азамат

5 пікір

Kan
Ерте келді бұл тағдырдың толғағы" недеген керемет сөз бұрын естімеппін. Бірақ мына жері ұнамады:
«Керек болса ар-намысты құрбан қыл
Адал болар махаббаттың жолында»
Ар намысты құрбан етсең ол жерден қандай адалдық табасың.
Muti89
канат бауырым сыныңа рахмет, бірақта шабыт үстінде жазылып қалғанғой, айтылған сөз атылған оқ, осы өлең жолдарым осылай қала береді
Kan
Егер айтылған сындардан өлеңіңді жөндемейтін болсаң онда жұрттың талқылауына қандай мақсатпен жариялайсыз. Бұл жердегі сындарға құлақ салып түзегеніңіз жөн деп білемін
Muti89
Жарайды Қанат бауырым сөзіңнің жаны бар, түзеуге тырысамын
nurbanu_KAMAL
Қанша жылдар қол ұстасып жүрсек те,
Қол созымда тұрған баққа жетпедік. Осы жолдар ұнады. Жалпы, өлең жақсы. Тек грамматикаға мән бермеу дұрыс емес деп ойлаймын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.