Әйелдіктің әдемілігі

Әйелдер ол- аналарғой аналар.
Анасыз жан, анасын қайдан табалар.
Есті еркек, ойлана білсе тегінде
Қылықты болған қыз ғұмырын бағалар.

Әйелдер ол әлемнің нұры санар.
Әйелсіздікпен әйгілі болмас ағалар.
Байғұс болған, барша нәзік жандардың
Бар ғұмыры тек ерлерге арналар.

Әйелдерсіз берекеңде жоғалар.
Жадап-жүдеп кірлей берер жағалар.
Үйің күйсіз, жабырқаулы көрінер
Іргеңнен кеп бақытсыздық сығалар.

Жабырқасаң, жағдайынды жағалар.
Тоңып жүрсең, жылуымен аялар.
Сәби сүйіп, ерін еркелететін
Ең қымбатты әйел атты аналар.

Күндей күліп, айдан алқа тағылар.
Иесі кеткен ер ошағын жағалар.
Ерлігімен, еркелей білсе әйелдер,
Жүректерден мәңгі орын табалар.

Сіздердей кім әп-әдемі болалар.
Бұл сөзіме желеу болды балалар.
Адамдықты ана үнімен әрлесем,
Сөздерімде өз орынын табалар.

Әр бір еркек әйілімен сыналар.
Бұл сөзімді дәлелдеген даналар.
Ана көріп, жарын құшқан жігіттер
Әйелдіктің әдемілігін бағалар.

1 пікір

Ademi
керемет! Қызыңыздың киімдерін суретке түсіріп салыңызшы!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.