Аяқ басып келеміз қияметке . . .

Аяқ басып келеміз қияметке
Түсіндіріп көр осы сөзді әлеуметке
Қайдағыны сандырақтап айтады деп
Кектіп, мазақ қылып ұрар бетке

Кей адамдар безінген құдайынан
Кейбір еркек таяқ жеп жұбайынан
Ардан жұрдай болғандар толып кетті
Тән сатқандар табылар маңайынан

Ұятты заттар дүкенде тұр сөреде
Осылайша беремізбе тәрбие
Жас ұрпаққа жарнамалар көрсетіп
Қияметке келмесек бұл немене

Бетіндегі бояулары шаң секілді
Еріндері қып-қызыл қан секілді
Босағаны жаңа аттаған жас келіндер
Үш ай өтпей босанады аң секілді

Ауызы тентек судан құрғамаған
Ұрттап алып тасбақадай жорғалаған
Осыдан соң пайда болған ұрпақтары
Мүгедек боп өлімнен зорға қалған

Ей жарандар кейбіреуге тиіп кетсе
Осал жерің ыстық от боп күйіп кетсе
Тар жолда тайғақ кешіп жүрген жанның
Санасына құйылып сіңіп кетсе

Жығылсаңда қоймайсың сүрінуді
Ішіп-жеп ойлайсың тек бүгініңді
Бүгінгі күн ертеңгі тарих болса
Ұрпақтарың сеннен алар қандай үлгі

Мүти Азамат

4 пікір

Kan
Өлеңнің әсер еткені сонша бір деммен оқып шықтым. Бауырым шындықты жазыпсың ол рас тек Құдай деген сөзді үлкен әріппен жазсаң болар еді. Алланың есімін кіші әріппен жазу қателік.

«Босағаны жаңа аттаған жас келіндер
Үш ай өтпей босанады аң секілді» бұл сөзіңмен келіспеймін. тым асырып жазып жүріпсің. Боаңған әйел үш айдан кейін қайта босана алмайды. әрі жұбайлар бала туғысы келсе оны айыптаудың керегіне.
Бұл менің пікірім әрине.
Muti89
Қанат сен мені түсінбедің, босағаны жаңа аттаған жас келін дегенім, яғни алты айлық баласы ішінде болып тұрған кезде келін болып босағаны аттап жатқан қара көз қарындастарды айта отырып, оданда кіші буын қарындастарымыз осындайды қайталамасын деген оймен айтылған
Kan
Иа қате түсініппін кешірім сұраймын. Сенің өлеңіңнің әсері ғой түрлі ой салып шатыстырған. Өлеңің керемет.
Jako
Өлең жақсы жазылған екен, көтерген мәселері де қазіргі қоғамның ауыр қасіреттері дер едім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.