Анаға алғыс

Ана деген ұлылардың ұлысы
Әр уақытта кең жайылған ырысы
Бар тілерім ұзақ ғұмыр, денсаулық
Ешқашанда тарылмасын тынысы

Кім данышпан десе мен ана деймін
Әрқашанда балаң үшін төктің мейрім
Меккегеде арқалап апарсамда
Ақсүтіңнің тамшысында өтемеймін

Сенің арқаң, жер басып мен жүргенім
Сенің арқаң, ойнағаным, күлгенім
Осы күнге еш сүрінбей жеткенім
Әркез маған тәрбиеңді бергенің

Көп заттарды байқамай, көз көрмеген
Сөз-аянға ана ере бермеген
Сырт көздер мен құлақтар не айтсада
Сезімі баласына өзгермеген

5.Өмір деген тым қысқа зулап өтер
Бұл фәниде сыйла ананы одан бетер
Бар мадақты үсті-үстіне жаудырсамда
Анам үшін барлық мақтау аздық етер

Бақтың мені, аяладың, өсірдің
Сәби кезді келмейді естен өшіргім
Тентек болып, кінәланып жатсамда
Жаман қылық қателерді кешірдің

Ана деген өлшенбес жан бағасыз
Бұл сөзіме ешкімнің жоқ таласы
Алтын-күміс заттары көп болсада
Ана үшін ең қымбат өз баласы
Мүти Азамат

12 пікір

nurbanu_KAMAL
Аналарымыз аман болсын!
«Сырт көздер мен құлақтар не айтса да». Мүлдем қате тіркес.
«Алтын-күміс заттары көп болса да,
Ана үшін ең қымбат – өз баласы». Бұлай салыстыруға болмайды. Өте сәтсіз шыққан. Грамматикалық қателерден көз сүрінеді.
Әйтсе де, қаламыңыз ұшталсын, өлеңге деген махаббатыңыз сөнбесін, Muti89!
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Сөз-аянға ана ере бермеген
Сырт көздер мен құлақтар не айтсада
Бұл тіркестерді Мүти анаға арнамаған. Баласының еркелік, тентектігі(Детский шалосиь) туралы, сырт көздер сыпсыңы ана құлағына небір әңгіме жеткізсе де, баласын қызғыштай қорғағайтындығы, ана көңілінің бала деп қана соғатынын айтқысы келген болар деймін.

Алтын-күміс заттары көп болсада
Ана үшін ең қымбат өз баласы

Бұл тіркестер де ана үшін баладан бағалы қазына жоқ деген ойды айтқысы келгеннен туған болар.Теңеу сәтсіздеу, бірақ негізгі ой дұрыс сияқты.
Соңғы өңделген уақыты:
nurbanu_KAMAL
Оны түсінем. Жалпы мағынасы дұрыс қой. Бірақ, құлақ айтпайды ғой, солай емес пе?
nurbanu_KAMAL
Ананың махаббаты баласын заттардан артық көруімен емес, өз жанынан артық көруімен өлшенуші еді. Бұл жерде ананың махаббатының күшті екенін көрсетіп емес, керісінше, ана махаббатының деңгейін түсіріп жіберген сияқты. Негізі, білгішситін әдетім жоқ еді, осы жерде үндемей қала алмадым.
Jako
Нұрбану, білгішсіну емес, сіздің сыныңыз объективті бұл жерде.Мен тек қана ақынды тереңірек түсінгім келіп тырысып жатырмын.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Бұл пікірлер неге менің почтама келіп жатыр түсінбедім. Сіздің тақырыбыңызға пікір қалдырды деп келіп жатыр. Айтаберлік қуа бастадыау деймін
nurbanu_KAMAL
Ол жағын мен білмейім.
nurbanu_KAMAL
Дұрыс екен. Керемет ақын емеспіз ғой, бірақ та, мен ойлайым өлеңді жазғаннан кейін қолдан келгенше сауатты, әрі көркемдеп жазуға тырысу керек деп. Керемет тақырыпты таңдап тұрып, қалай болса, солай жариялай салғаны маған түк ұнаған жоқ, шындығында.
AKA
Өте тамаша өлең, жарайсыз! Жаза түсіңіз :)
Kan
АКА неге бұл өлеңнің пікірі маған түсіп жатыр?
AKA
«Жаңа пікірлерге жазылу» дегенді «түрткен» боларсыз бәлкім?
Kan
Бұрыңғы түрі жақсы еді мынасы ыңғайсыз таза
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.