Ана тілім-ардағым

Ана тілім-асыл мұрам, ардағым,
Талай жылдар бостандықты аңсадың.
Ата-баба заманынан бүгінде
Тіршіліктің айғақтығын жалғадың.
Туған тілім-өмірімнің бұлағы,
Туған тілім-тіршіліктің шырағы.
Киелі қазағымның тіліменен
Шашылды ғой ұлттың жылы шуағы.
Қазақ тілі былғанбаған ежелден,
Бабам тілі талай ғасыр жер кезген.
Тілім барда жеткіземін ойымды
Ішімдегі ақын сырын өлеңмен.
Ана тілім-ажарым да, арым да,
Ана тілім-байлығым да, бағым да
Құдіретті мұндай тілде сөйлеген
Теңдесі жоқ бақытым да, барым да.
Шұбарлама бұл тілді басқа тілмен,
Қай атаңнан көріп ең мұндайды сен?
Сыры терең, қайсар, асыл, бал тілмен
Талай батыр жауына да дес берген.
Заман қалай өзгереді бүгінде,
Сөйлеп жүрсек бұл күні шала тілде.
Ей, қазақтар, намыс қайда, ар қайда?
Сөйлесейік қашанда туған тілде.
Несі кем ана тілдің өзге тілден?
Танып білдім бар өмірді бұл тілмен.
Жоғалтпауға тілімізді мәңгіге
Ойланалық, ойланалық бүгіннен!
Ана тілім жойылуға шақ келсең,
Тұғырыққа тіреліп бір қалғанда.
Шыға алмайтын ну орманға сен енсең
Адасқандай боламын мен жалғанда.
Сенен асқан байлық жоқ қой өмірде,
Құдіретті ана тілім-айбыным.
Асқақтай бер, бабам тілі мәңгіге,
Жарқырасын аспаныңнан ай, күнің.
Ей, халайық, былғама баба тілін,
Үзіп алма еліңнің аражігін.
Дарыта бер, таныта бер бұл тілді
Жаңғырта бер қазақтың асқақ үнін!

1 пікір

Kan
Сырғып түскен күннің сәулесіндей.
Зымырап уақыт өтер түк білінбей.
Тәтті тамақ, жылы төсек мәз боп жүрміз
Бір қазақ, бір қазақтың тілін түсінбей." сенің өлеңіңді оқығанда осы өлең шумақтары есіме оралды. Сенің бұл шығармаңа кейбір шала қазақтар күлуі мүмкін тіптен пікір қалдыруға ерінуіде мүмкін бірақ сенің жазған таза шынайы сезімің мен өлеңдегі мағнаң сол биігінде қала бермек. Себебі сен ана тіліңді жырлап тұрсың.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.