Бақытсыз неге аққулар?

Жүрекке таққан бойтұмар.
Мазалап әр кез ой тұрар.
Қаншама жанды сүйдірген,
Бақытсыз неге аққулар?

Сіздерге әр бір жан құмар.
Сұлулыққа көз тұнар.
Аққудың айтпақ мұң-зарын,
Жүрекпен сезген жан ұғар.

Тәңірден түскен сын шығар.
Сіздердей бірақ кім шыдар.
Жан дүниесін сезеалмас.
Қанша айтсада жыршылар…

Ақиқатты айтсам, таң қалар.
Шындықтың беті шаң шығар.
Жүректі тербеп ән еткен,
Бақыттсыз болды аққулар.

Өмірдің мына у-шуын
Сыңарсыз аққу сыңсуын.
Амалсыздан көтердім,
Жесірдің желпіп, жыр туын.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.