Би кешіндегі оқиға.

-Сәрсеннен ақ құтыла алмай қойдыққой тегі.
-Неткен мәдениетсіздік.Расын айтыңызшы, мені Сәрсеннен қызғанып тұрсыз ғой, ия?
-Ия қызғандым.Мұнымды бірақ мәдениетсіздік дей алман.Сізді ешкендай ер жігіттің қасында көргім келмейді расын айтсам.
-Сізді мұншалықты өзімшіл болады деп еш ойламаппын.Айттым емеспе ұнататын досым бар деп.Сол досым Сәрсен де бұған көзіңізді жеткізбеген екен-ау?-деді де досы жаққа бір қарап қойды Гауһар.
-Ууу… Сіз солай ойлаймысыз? Өтірік айтасыз.Алдап тұрсыз білем, әдейі мені қызғансын деп.Хе-хе, неткен керемет көрініс еді киноға лайық.Сіз көптеген буыны қатпаған жас қыздар секілді тым аңғырт ойлайды екенсіз де.Сосын Сәрсен досыңыз қисынды дәлел бола алғанба? Айтпақшы философияға бармай-ақ қоялық.
-Біле білсеңіз мен әлі сіздің өткендегі сөзіңізге жауабымды берген жоқпын.Сондықтан мені өзіңіздің сулу бойжеткеніңіз екен деп ойлап қалмауыңызды сұраймын.
-Ол сөзіме не деп жауап береріңіз әрине маған маңызды.Дегенмен сіз менен бойыңызды аулақ ұстамай, мені қашырмау үшін адейі Сәрсенді «досым» деп, қасақана айтқан секілді болып көрініп тұрсыз да,-деді де, Асқар Гауһардың көзіне тура қарап сүйкімді жымиып алды.
Әрине бұл екі жастың сөйлесіп тұрғандарын жанындағы қатар вальс билеп жүрген жастар көрмей жүрген жоқ-тын.Әрине бәрінен бұрын Сәрсен өзге қызбен билеп тұрса да, назары осы Асқар мен Гауһарда.Жынданып, долданып жарылуға шақ тұр.Қайтсін енді ол да Гауһарды сүйсе.-Қап бәлем, сеніме,-деп күңкілдейтін секілді.Рас, Сәрсен де шынымен-ақ осы кешті біраз күтті.Және осы кеште ол да қалайда болмасын Гауһарға өз сезімін білдіріп қалудың жолдарын іздестіруде.
Уақыт кешкі тоғыздар шамасы болып қалған еді, кенет жарық сөнді де қалды.Ал керек болса.Музыка ойнап тұрған магнитолада «уреррурр-уреррурр» деп шайналып кетті, ақыры өшіп тынды.Жарықтық! Ауыл клубығой, жарықты қосатын движоктар табыла бермейтін кез.Кештің басталғанына бар жоғы бір сағат-ақ болып еді.
Әр-әр жерден жастар жарыса сөйлеп кетті:
-Жарық!
-Свет қайда?
-Жарықты қоссаңдаршы, адам емес екенсіңдерғой-ей.
-Түу, енді қызып келе жатқанда.
Не де болса қызбен қараңғыда, оңаша боудың жолын таба алмай отырған осындағы жігіттердің құдайы берді.
Енді жанып қалар, міне жанып қалар деп Асқар да жарықты аз күткен жоқ.Күдер үзгісі келмейді.Он-бес минут, жиырма минут.Жоқ, енді жанбайды.Белгілі, бір өшше екі-үш күн жанбайтын әдеті.Батыл ешнәрсе істеп үлгере алмады.Мен сені сүйем, ессіз сүйем,- деп айтқысы келіп тұр қызға.Бірақ құшақтасып вальс билеп тұрғанда айту керек еді да,әсерлі шығатын еді.Қап!
Ғашығымен көпте билей алмап еді.Сол биді пайдаланып, жоспар бойынша өзінің жүрек түкпірінде сақтаулы тұрған асыл маржандарын төгіп-төгіп салу керек болатын.Жарық болмаса биде жоқ.Өй жайын жұтқұр-ай,қап! Мына жарықтыма.
Бір сәт қараңғылық арасынан Сәрсеннің төбесі көрінді білем, және ол Асқардың жанына келіп:
-Сыртқа шығып кетші әңгімем бар,-деп көзін алартып сыртқа беттеп кетті.
Мына бәтшағар не істемекші? Әәә… сезем, білем.Көп болса қазір сыртқа шығысыммен-ақ өзінің бұзақы достарымен қоқиланатын шығар, деп қойды Асқар ішінен.Бір сәт қыста болған көрші біріншідегі ауылдағы жағдайды есіне алды.Сол кезде мына осы Сәрсен емеспе еді төбелес бастап, шу шығарып жүрген.Сол кезде қанды-қырғын болмаппа еді?.. Ия, ия.Бұл батырыңнан бәрі де шығады.Ия,өз кезегінде ғашығы үшін Сәрсен неге болса да аянып қалмайтыны айдан анық.Бәрін істеуге бар.Керек десең орта ғасырлардың рыцырлары секілді Гауһар алдында шайқасуға дайын.
-Сәрсен сізге не деді?,-деп Гауһар ойды бұзды кенет.
-Жәй әншейін… сірә, бір ойлағаны бар шығар да.
-Қызық.
-Мұнда қараңғылық іш пыстырады екен, бәлкім сыртқа шығып үзілген әңгімелерімізді сонда жалғастырармыз?
Бұл әрине бер жағы.Сыпайылық үшін.Әйтпесе ғашығының жанында қараңғы жерде бола бергісі бар.
Гауһар сәл ойланып тұрып:
-Ммм, кешіріңіз менің қайтқаным жөн болар.
-…
-Жә-жарар ендігі сыртқа шықпасақ шынымен-ақ мына жерден жалықтым.
Міне енді олар бірлесіп шығар есіктен өте беріп еді, шынымен ақ Сәрсен екі-үш нөкерімен Асқарды күтіп тұр екен.Және:
-Келсеңші бері, немене жаныңдағы періштеңнен айрылып қаламын деп қорқасыңба?,-деген сөздер естіліп қалды.
Не істесем екен? Мыналар енді соңымнан әсте қалмайды.Мазақ қылып тиісуден де тайынбас. Шіркін! Дуэлге шақырма еді.Жо-жоқ, ақымақтықтың бұл арада қажеті жоқ.Тек қана ақыл, айла қолдану керек.Ойлан, ойлан.Тәәк… Ия, күшке сенер уақыт болып қалды білем, деп ойлап қояды Асқар.Тәуекел!
-Асқар қайтайықшы,үйіме дейін шығарып салсаныз айып болмас еді,-деп Гауһар бір нәрседен қауіптенгендей болды.
Бір сәт жаңағы Сәрсеннің жанындағы, дүпіл мас боп тұрған бір нөкері Асқарға:
-Мына боқмұрынды қараңдар, серьезный ғой өзі.
Сол сәт Асқар да қыз жанынан оқтай атылып шығып, әлгі мас жігітке жетіп келіп иектің астынан бір соққы жасапта үлгерді.Енді келесі сетте Сәрсенге арыстанша атылмақ.(Сәрсенің деу бәле, ауылдағы нағыз жаяу төбелесте жан салмайтындардың бірі.) Сол ақ екен өте қатты шапшақтықпен, және қас қағым сәтте Асқардың көзі жарқ ете қалды.Және тағы бір рет.Бұл Сәрсеннің соққысы еді.
Патұр-пұтыр еткен дауыстарды естіп Гауһардың әрине есі шықты.Және бір сәт шыңғырып жіберіп Асқарды әлгілерден арашалап алды.Сәрсен де шамасы ұрттап алған болуы керек, Гауһарға мүлде ұнамай қалды.Артық қылам деп тыртық қылды білем.Және жөнімен кетті.
Асқар жаңағы жердегі шөпке отыра кеткен, ерні шамалы қанға боялған.
-Асқар, Асқар, бәрі дұрыспа?,-деп қыз жыламсырап ол да отырды.
Ал жауап беру орнына Асқар күледі әй.
-Еш жеріңіз ауырмайма?.. Кінә менен, кешіріңіз.
Қызық. Асқар әле күліп тұр, жымыйысы сүйкімді-ақ өзінің.Және бір сәт:
-Тағы да бір мәрте жаңағыдай вальс билер болсақ… мм… мен қарап қалмас ем.Ия, ия бір минутта қарап қалмас ем.Сізге ойымдағы айта алмай тұрған сөзімді де саспай жайып салар ем.Сізді ессіз сүйетінімді айтудан да қорықпас ем.
Сол сәт Гауһардың да езуіне күлкі үйіріле бастады білем.Және:
-Көкешім, бұл жерден қайтайықшы,-деп еркелей қиылды.
Екі жас енді орындарынан тұрып, жаздың қоңыр салқын лебімен жаңағы бірге вальс билегендеріндей құшақтасып, көшенің қараңғы жағына қарай мүйістеп, көрінбей кетті.Жаңағы болған келеңсіз оқиғалардың ізі де қалмағаны белгілі-ақ.

7 пікір

islambek
Никтіңде неше түрі болады екен ғой)))))))))))))))))))))
Kan
мүйістеп, деген не сөз. Жақсы көретін жандар ешқандай жағымсыз нәрселерге қарамайды тез ұмытады
Jako
Кан мырза «мүйіс»-деген(география түсінігіндегі мүйіс) белгілі бір бұрышты айналып кету деген мағанада болар, Бұл жерде «айналып»-деген түсінікке жақын болар.
Соңғы өңделген уақыты:
AKA
Жақсы жазылған, әдемі көріністер өтті көз алдымнан.
yesbolat83
Маған да өте ұнады. Әсіресе жігіттердің төбелескендерін жақсы бейнелепсің. Патұр-пұтыр, дүпіл мас деген сөздер өз үйлесімін тауып тұр. Келесі жазбаларыңды оқуды жазсын.
kozha_maktanshak
рахмет бауырым.ұнағанына қуаныштымын
Bieke
Жақсы Жазыпсын Аян досым, Нағыз бастан өткен жайыттарғой мынау,,,,
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.