Айтабер құтты босын туған күнің!

Сөз айтайын тосыннан.
Жүректе үміт үгілген.
Айтаберге қосылғам,
Алыс жат бір өңірден.

Айтаберден дос таптым.
Көрмесемде жүздерін.
Қатқан жанды босаттым.
Естіп жылы сөздерін.

Қазақша болған тұғыры.
Айтаберге жол тарттым.
Kanның ғазіз көңілі.
Айтаберден сыр таптым

Айтып салып келгенде.
Айтаберге құмарттым.
Блокты одан көргенде.
Жүз аштымда, жүз жаптым.

Айтабердің сыр молды
Айтаберсем достарым.
Айтаберге жыл толды
Менде өзімше тойлаттым.

Құттықтаймын бәріңді.
Жақсы тілек арнайын.
Үлкен кіші кәріңді,
Бастық етіп сайлайын.

Пікірлерің өтімді,
Болсын мірдің оғындай.
Жазбаларың жағымды,
Болсын семіз соғымдай.

Ал Айтабер, Айтабер.
Жастан жасқа жете бер.
Ғаламторды байта бер.
Бар қазақты ерте бер.

10 пікір

AKA
Уау, уау, уааау! :) Мына өлең «ең үздік» болып танылсын! :) Керемет, өттте жақсы! :)
AKA

Korkem , осындай тортыңды қашан жейміз иии? :)))
mairosh
Керемет! Айтабер құтты болсын!
Abylai
Тоооф! Пай пай, гигөк гигөк, ших пах, әридәш дәридәш
ZevsKO
Тух! керемет ақындық қабілетіңіз бар екен ғой! Тек Айтаберде ашылар талант…
Jako
Жақсы, пүлістедім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.