Сезім..........

Сезім шыңы шынымен биік екен,
Күрсініп, өкінуші ед жиі көкем.
Қонған бақты, елемей ескермеген,
Олай емес мен сені биік етем.

Мен сені бағындырар бақ табамын,
Күйретіп күші мығым жат қабағын.
Себебі шоқ түсірдің сезіміме,
Сондықтан жырлар жазар ақ қаламым.

Деген ем сендік сырдың күйі бөтен,
Аралап жалғыз бақты жиі кетем.
Қараңғы қамалыма жарық берген,
Мен сенің сезіміңді сүйіп өтем.

Сәуле түсіп сен жақтан жаныма мың,
Мен енді сол сезімге бағынамын.
Болашақтан күткенмен сүйгенімді,
Өзіңді сөзсіз қатты сағынамын.

11 пікір

maulen
Армысыздар құрметті айтаберліктер, сіздерден пікір күтемін!
Rayana
Мәулен, бояуы кеппеген өлеңге рахмет! Кімге ғашықсың өзің?
maulen
Rayana , мен ғашық жан жырақта ғой, ал кім екені маңызды емес сияқты жасырын күйде қала берсе жақсы болар еді…
Kan
Болашақтан күткенмен сүйгенімді,
Өзіңді сөзсіз қатты сағынамын." не деген түсініксіз махаббат. Мәулен өлеңнің тек ұйқасын ғана емес. Мағнасында дұрыс ұйқастыра білу керек. Өлеңің жақсы жазылған.
maulen
Рахмет Кан аға, Мағынасын да ұйқастырып бағудамын, дегенмен мүұндағы айтайын деген ойым мен сүйетін емес, мені сүйетін жанды күтетінімді айтпақ едім.
AKA
Та-ма-ша! :)
maulen
Улкен рахмет!!!!
mairosh
maulen өленің жақсы шыққан, бірақ өленді оқып мағынасын таба алмадым.
maulen
Рахмет! Тақырыбы
сезім
болғандықтан алғашқы 2 шұмағы бастапқы сезім, ал қалған 2 шұмағы кейінгі түйген ойым ғой… түсіндіре алмасам кешірім сұраймын!
gulmyra
Қараңғы қамалыма жарық берген,
Мен сенің сезіміңді сүйіп өтем. катты унады Маулен, керемет, соз жок, маган олен создерин оте тусиникти… терен ман жатыр, рахмет саган, ойымда жургенди жазганын ушин…
maulen
Сізге де рахмет Гүлмира!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.