Шығыс әдебиеті жауһарлары: Ибн Сина

Әбу Әли Ибн Синаны барлығымыз мықты дәрігер, медицинаның атасы ретінде танимыз. Бірақ, оның әдебиетпен айналысқанын біріміз білсек, біріміз білмеспіз. Тіпті, білген күннің өзінде өлеңдерін оқығанымыз екіталай. Сондықтан, осы кісіні сіз білмеген басқа қырынан да танып білу үшін лирикалық рубаиларын аударып отырмын. Келесіде ғазалдарын ұсынатын боламын.

Ей, мейірім, сенен асқан кең бар ма екен ғаламда?!
Бақ іздеген жолаушымын. Жол көрсет бұл наданға.
Кімді көрдің менен байғұс — сезім жолын іздеген?!
Көзімде мұң, көңілде зар… Үміт қана санамда.

Сия сауыт айнымайды жұлдыз Зұхал[1] кейіптен,
Қиындықтың жеңдім бәрін, өмір бойы кейіткен.
Сан мыңдаған кісен шештім – азған қиял кісенін,
Жиғаным көп, қалар бірақ топырағым бейітте.

Қысқа ғұмыр жолдарында қызу еңбек етпей шын,
Құдайыңның құзырына армансыз боп жетпейсің.
Қандай істі ойласаң да бүгін жаса бауырым,
Ертең десең, өмір-бақи солай қалып кеткейсің!

Жалған өмір бақтарында жүрді армансыз бұл көңіл,
Қалағанын қылды, байғұс, көрді қызық мың небір.
Тек рахатпен күндей жарық қылып жүрді ішімді
Ең соңында ешнәрсеге жетпегенін түсінді...


[1] — Сатурн планетасын парсылар осылай атаған.

14 пікір

Өте сауатты аударыпсың. Өлең де салмақты екен. Ұнады)
mairosh
Керемет өлен )) жақсы аударыпсыз
Kan
Оразбай өзің аудардың ба? Әлде басқаның аудармасы ма? Өлең керемет нақылға толы екен әсіресе мына жері маған қатты ұнады:"Қандай істі ойласаң да бүгін жаса бауырым,
Ертең десең, өмір-бақи солай қалып кеткейсің!" деген жері
MSHERIMBEK
Оразбай?:))) Қай жігіт ол:)
Өз аудармам. Алдын Фейсбукке аударып салып жүрген едім. Қазір осында. Шағатай және әдебі өзбек тілдерінен аударамын. Шығыстың аты шығыс қой, қанша дегенмен:)
qwenchi
Мынаны қай тілден аудардың?
Jako
Кан мырза жазған Оразбай емес,Қарасақал, Садық қой, шатасқан боларсыз.
didi0393
Sadyk sagan tankalu ustinde tangaludamyn!:)mades!
Abylai
Мықты аударылған! Аударыла түс Оразбай!
nurbanu_KAMAL
Қысқа ғұмыр жолдарында қызу еңбек етпей шын,
Құдайыңның құзырына армансыз боп жетпейсің! Жарайсың, бауырым! Осы бағытыңнан айнымай тағы да аудара түс!
korwinin_kyzy
Медетцина деген термин Араптын Медет- көмек деген сөзінен ал Цина Ибн Синанын Пәмилясынан алынган
сонда МЕДЕТЦИНА деген термин пайдаболды Рахмет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.