Махаббат хаты {аудио}

Достар, maulen жазған «Сезім алауы» өлеңінің аудио нұсқасын әзірледік. Егер сіздерге ұнаса, қолданушылар өлеңдерінің аудио нұсқасын видео кейінірек жасайтын боламыз.



maulen : «Сезім алауы»

Көңіл шіркін, көгін кезген мазалы,
Өзіңді ойлай жас көңілім азады.
Бір шоқ түсіп тұтатқан сол сезімді,
Енді міне еріксіз жыр жазады.

Ойым түкпір, сезім бағын аралай,
Лапылдамай, сөніп бәлкім қаламай.
Үрлеп жібер, сезім самал екпіні,
Бағына алмай олда кетіп барамай.

Ойым сүйреп, жетелейді арманға,
Қиял кезеп, жанды билеп алғанда.
Бағындырып асау жүйрік сол сезім,
Сүймей тұрып тек ұнатып қалған ба?

Қыз көңілі үнсіз ғана баурайды,
Сенсіз жаным елжірейді, жаурайды.
Жылулық бер келіп енші түсіме,
Көрсем сені сезім от боп лаулайды.

Болмасақта бұл жалғанда бірге біз,
Біріміздің түсімізге кіргенбіз.
Сезім бақтың аралап әр саласын,
Оятпаңыз биз ол жақта біргеміз.

Сүйетұғын, ұнататын ару бар,
Сол аруды төзімменен тану бар.
Түсінерсің сонда менің жанымды,
Ғашық болып көріңдерші, Бауырлар…


Аудио нұсқасы:

басыңыз!

38 пікір

VVVWWW
Өлең жақсы:
Үрлеп жібер, сезім самал екпіні,
Бағына алмай олда кетіп барамай.
Тамаша,
Бірақ кешірерсіз, даусы да, оқу мәнеріде еш ұнаған жоқ (мынадай тамаша өлеңді бұлай оқу күнә ғой)
Өзің оқитын болар деп ойлап қалсам
qyrmyzy
:) оқимын, әлі талайын оқимын, ИНШ!
yesbolat83
Тамаша, өлең жақсы жазылғаны сөзсіз. Өзіме Мәуленнің шығармалары ұнайды. Жас та болса өте керрремет жазады.
Ал, аудиожазбаға келер болсам, жақсы деген баға қояр едім. Бұл өлең қазақы әуеннің сүйемелдеуімен өттте жақсы боп кетер еді. Сондай-ақ, бұдан да мәнерлірек оқылғанда күшшшті болар еді! Ұнағандықтан плөстедім. Мәтінді оқыған кім екен?
qyrmyzy
осылай оқығанына рақмет :)
MSHERIMBEK
Мына дауысты білемін, меееен мына дауысты анық білемін:))) kema? әлде қателесіп жатырмын ба? сұмдық енді айтайын:) Ракета құру ісінің маманы үшін өөөөте жоғары көрсеткіш дер едім. 5/5
qyrmyzy
әй, қатырасың осы сен
mairosh
Даусыыы))) КЕРЕМЕТ! Кім екен?))
qyrmyzy
ық ық, қой, танымауың мүмкін емес
Kan
Дауыңысың жақсы болғанымен. Өлеңді дұрыс оқымағансың. Дауысты жоғары беретін жерде түсіп кеткенсің ал түсетін жерде көтеріп айтқансың. Дауыс ырғағын дұрсы қоя алмағансың. Сын ғой ренжіме. Өлең жастарға жарайды. Тек тым керемет деп айта алмаймын. Бұл жолы Мұқағалиға жетпегенсің.
qyrmyzy
аға, не деп кеттіңіз? Өлең жастарға жарайды дегеніңіз біртүрлі екен :) Жарысқа қатысып жатқан жоқ, мәнерлеп оқудың мәстірі емес. Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу ©
dimash

Ғашық болып көріңдерші, Бауырлар…уахахааха))
вот ответ: aitaber.kz/blog/oilar/4632.html
qyrmyzy
қой, қой, қазір архивыңды ақтарам
Korkem
түүһ, АҚАға оқыту керек еД мұны
qyrmyzy
АКА да оқысын
ote jaksi oqigan goi. astina musika bolsa, tipten keremet bolip ketedi. jigitterdin kobi bulai oqi almas. aitqandai, kim oqigan?
qyrmyzy
уау, тошна, подложка керек. Ой салғаныңызға рақмет:)
AKA
Аааа, та-ма-ша!!! :) Күшті ғҰә, тағы, тағы… :)))
qyrmyzy
тыңдарман болса, жаза береміз:))))
AKA
Телефоныма жазып алып, тыңдап жүреміііін
maulen
Сенейін бе, сенбейін бе? Жаңбырдын астында қалған маған тосын сый болды! Рахмет баршаңызға!
senim
Гайморитпен ауыратын адамның оқығандай болды маған? әлде тек маған ба?
qyrmyzy
саған ғана солай естілген болуы керек…
kema
oi nemeeee nashar okityn bireu goi mynau. Okysa mingirlemei durystap okymai ma?!
qyrmyzy
бір ашуыңызды беріңізші… келесіде күштілеп оқимыз:))))
Маған өлең ұнады!!! Керемет мағынасына сөз жоқ!!! Бірақ мәнерлеп оқу жетіспейтін сияқты меніңше.Ренжімесін оқыған адам))))))
Сәлем достар.Мен Жаңадан қосылған Айтаберлікпін.Менің айтайын дегенім маған Мауленнің өлеңдері өте қатты ұнады!!!
Маулен сенің өлеңдеріңмен танысқаныма қуанып отырмын))))))))))))
AKA
Жә, жә, қабырғасымен барып сырласыңыз енді. Қош келдіңіз!
maulen
Рахмет, meru95 ! Сізге ұнағанына қуаныштымын!
Abylai
Не десеңдер о деңдер, тым жақсы оқыған, оқылған, дыбысталған. сыбайлас қамқорлық жасасын, қатты оқып қоятын болсаңдар жариялаңдар ал, естиік.
Кемааааааааааааааааа! Мынау Кема! Жарайсың Маулен :))
qyrmyzy
қатты оқып қоятын болсаңдар жариялаңдар ал, естиік.
ооо Маулен кеееееееееееееремет маган оте катты унады… алаида оленді манерлеп оку укерек еді ким окысада… Маулен биік шындардан коріне бер тілегім сол
maulen
Сізге де алғысымды білдіремін,Ashontai, асіресе рахметімдіайтамын!
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.