Жас боп тамған тамшылар.....

Түнгі қала, жаңбыр асты.
Жалғыздықпен жарасқан,
Мен су болдым, суымадым,
Қыс пен көктем бір жамбырға таласқан.

Алматының ауа райы,
Құбылады қырсық шалған сәт сайын,
Енді сенсіз, мүлдем басқа,
Мен бір өмір бастайын.

Ол өмірде қайғы мұн жоқ,
Мангі көктем күз кейпіне енедi.
Мен бейбаққа мұң сыйлаған мұнсыздар,
Өзi емес өзгелерге сенеді

2 ақпан 2013 жыл.

32 пікір

maulen
Құрметті айтаберліктер, сіздерден пікір күтемін.
yesbolat83
Мәулен бауырым, сәтті шыққан бұл өлеңің.
Түнгі қала, жаңбыр асты.
Жалғыздықпен жарасқан,
Мен су болдым, суымадым,
Қыс пен көктем бір жамбырға таласқан.
Алғашқы шумақтары Алматыда өткізген студенттік кезеңдерімді еске салды.
maulen
Рахмет, Есболат аға! Сол студенттік кездің қадірін түсіне алмай жүрген жоқпыз ба біздер?!
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Студенттік дәуренде қазір жүрген болсаң, сен ең бақытты, ең бай адамсың. Оқып қал, тоқып қал, көңіл көтер, қыдыр(шектен шық демим), жер көр (мен көп сөйлеп кеттім, білем). Өзім студенттік кездерді балалық кездерден кейінгі орынға қоям. Тақырыптан тайып кеттім-ау деймін.
maulen
Жоға, жоға өте дұрыс айттыңыз! Сіз айтып отырған жайттарды 2 жылдың ішінде көре алдымау дим! Бірақ, `` осы бірағым таусылмайды`` ұақыт деген көз ілестірмей өтіп бара жатыр.
jalyn
Қыс пен көктем бір жамбырға таласқан.
керемет тіркес. Көз алдыңа бірден наурыздың жаңбыры немесе Шымкенттің ақпаны елестейді.
maulen
рахмет! Шымкенттен екенің бірден байқалды ғой! Шырайлы Шымкен!
VVVWWW
Соңғы өңделген уақыты:
AKA
мммм… ееее…
nurbanu_KAMAL
Беу, дариға! Жыр десе жыр ғой!!! десең, я)) Жарайсың, Мәулен! әдемі.
maulen
Рахмет,nurbanu_KAMAL , Сіздердей тыңдаушылардың назарына ілігу мен үшін үлкен жетістік!
gulmyra
Осы жанбыр астында кандай куйде жургенин коз алдыма бирден елестеди, керемет сезим, жан-дуниен махаббатка толы екен… супер!
maulen
Рахмет, әйтеуір бір ерекше күйде жүрдім ғой…
assiya_nurlybaeva
Менің көңілімде ерекше бір сезім тудырды. Жақсы жазылған дүние, сөз жоқ)
maulen
Рахмет, Әсия, оқырмандардың көңіліне ой қалдырған болса, менің мақсатымның орындалғаны ғой!
Kan
Мәулен өтініш бір елге арнаған өлең жазшы патроттық мағнада. Махаббат туралы өлеңдер көп қой бірақ елге арналғн жақсы өлеңдер аз-ақ
maulen
Жарайды, Кан аға! Ескере жатармын! Бірақ бірде Какен Камзин атты ұстазымның айтқан ақылы бар еді! Тіл, ел, жер, саясат, ұран жайлы өлеңдерімізді оқып беріп жаттық(бір кереметі осы ұстазымыз лексиясының 10 мин. өлең оқутуға жұмсайтын еді) сонда «жалынды шақтарында махаббат жайлы өлеңдеріңді жазып қалыңдар, „темірді қызған кезінде соқ“ демекші, айтпесе кейін махаббат жайлыжазсаңдар ерсі көрінеді» деген еді.
Jako
Ұстазыңыз дұрыс айтқан деп ойлаймын,өлең былай тұрсын, сол өлеңге сын сын айтудың өзіне ыңғайсызданатын күн туады екен.Өз тәжірбиемнен.
Kan
Ұстазың дұрыс айтқан екен. Мен саған махаббат туралы өлең жазба демедім. жаза түс махаббат жайлы. Тек ел туралыда өлең жазып тұрсаң тым болмаса анда-санда.
STR
жарыса мақтаған коменттерге қарасаң, бірін-бірі танитын сыбайлас тілеуқорлар жиналып қалған ба дейсің
maulen
Мақсат мақтау мен даттауда емес қой!
Jako
Маулен, сұрақ саған емес, Естияр мырзаға арналған.
Jako
Іштарлық па, не бұл?
maulen
Іштарлық деп айтуға келмес. Айтайын деген ойым — пікір қалдырған жандарды сыбайлас тілеуқорлар деуге болмас.
STR
қайта кеңпейілдік таныттым.
екі тармақ сайын бір ырғақты ұстап қалғаны үшін мақтамағаным ішітарлық категориясына жата ма? поэзия эталондары ешқашан жарияға бермеген өлеңдерін. кейін маразмға шалдыққан бір-екеуі болмаса. оларды да кезінде ана тілі форматына сай тақпақтарына бола мақтаған болар дәл сіздердей.
сол поэзия эталондарынан үлгі алыңдар, жайшылықта аттарын зікір етуден мастер едіңдер ғой. сол біртуарлардың білінбеген қырларына үңіліңдер, ой призмасына мінген амиголар мен амикалар!
Jako
«Дүниеде алуан-алуан жүйрік бар, бірақ әрқайсысы өз шамасымен шабады»-демейді ма?
Jado
Маулен жақсы жазылған… Себебі екінің біріне жан дүниесін сезініп,өлең жазу бұйырмайтын бақ деп білем…
maulen
Рахмет, Jado аға!
Jado
Өй Маулен мен аға емеспін)))уффф тәтемін))
maulen
Кешірерсіз…
korwinin_kyzy
Ұрысудан шаршамадыныздарма?
Jako
Қайдан қайта жанымыз кіреді ғой))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.